Атлант 60У109-00 Руководство по эксплуатации онлайн [9/92] 766553

Атлант 60У109-00 Руководство по эксплуатации онлайн [9/92] 766553
9
KAZ
сонымен қатар ақаулықтар кезінде дыбыс береді.
Дыбыстық сигнал беруді сөндіру үшін (ақаулықтар туралы
ақпарат беретін сигналдардан басқа)
жəне біруақытта
басу керек.
жəне батырмаларын қайта басу дыбыстық
сигналды іске қосады.
1.4 МАШИНАНЫ ҚОСУ ЖƏНЕ БАҒДАРЛАМА ТАҢДАУ
1.4.1 Машинаны қосу үшін 2 суретке сəйкес жуу бағдарлама-
сының бөлігіне тұтқаны орнату керек. Машина жұмысы ин-
дикация зонасында жанады: таңдалған бағдарламамен жуу
операциясының индикаторы, жуу температурасының мəні жəне
сығу жылдамдығы индикаторлары.
1 кестеге сəйкес бағдарлама таңдауда өндіруші орнатқан
жуудың негізгі параметрлері автоматты түрде беріледі (сығу
жылдамдығы, жуу температурасы жəне басқалары).
1.4.2 Бағдарламаны таңдау тек қана жуу алдында жүргізіледі.
Машинаның жұмысы кезінде (машинаны сөндірмей) жаңа
бағдарламаның бөлігіне тұтқаны орнату, алдында таңдалған
бағдарламаны өзгертуге мүмкіндік бермейді.
1.4.3 Бағдарламаны таңдағаннан кейін жуу параметрлерін
өзгертіп жəне 1.5 1.7 сəйкес қосымша қызметтерді таңдауға
болады.
1.5 ТЕМПЕРАТУРАНЫ ТАҢДАУ
1.5.1 3 суретке сəйкес
кнопкасын баса отырып, бағдарла-
мамен қарастырылған кір жуу температурасын өзгертуге бола-
ды. Кнопканы басқан кезде, температураның сандық мəндері
бар индикаторлар кезекпен жарқылдайды. Машинадағы жуу
температурасының таңдалатын мəндері 20
0
С, 30
0
С, 40
0
С,
60
0
С, 90
0
С.
1.6 СЫҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ТАҢДАУ
1.6.1 3 суретке сəйкес
батырмасын баса отырып,
жуудың бағдарламамен алдын-ала қарастырылған сығу
жылдамдығын азайтуға болады. Батырманы кезекпен басқанда
сығу жылдамдығының максималды (машинаның үлгісіне бай-
ланысты) мəнінен
(сығу сөндірілген) дейін кейін қайталана
отырып сандық мəндер индикаторы жанады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жуудың негізгі операциялары
арасында сығу жылдамдығы реттелмейді және таңдалған
бағдарламаға байланысты болып келеді.
1.7 ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТАҢДАУ
1.7.1 Қосымша қызметтерді таңдау үшін оған сəйкесті батыр-
маны басу керек 3 суретке сəйкес индикатор жанады. Қайталап
басқанда жарық индикаторы сөнеді, қызмет тоқтатылады.
Қосымша қызметтерді таңдауға тек қана жуу алдында рұқсат
етіледі. Машинаның жұмысы кезінде батырманы басқанда дыбыс
сигналы үш еселі дыбыс береді қосымша қызмет қосылмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Эгерде тандалган функция тан-
далган программа менен дал келбесе, үн белгиси чыгат,
индикатор күйбөйт жана функция кошулбайт.
1.8 БАҒДАРЛАМАНЫ ҚОСУ ЖƏНЕ ЖУУДЫ БАСТАУ
1.8.1 Жуудың таңдалған бағдарламасы бойынша машина
жұмысын бастау үшін
батырмасын басу керек— батырманың
индикаторы жанады, дыбыстық сигнал дыбыс береді, есіктің бло-
кадалау құрылғысы іске қосылып жəне жуу басталады. Жуу кезінде
сонымен қатар жуудың орындалатын операциялар индикаторы,
температура индикаторлары, сығу жылдамдығы жəне қосымша
қызметтер (егер олар таңдалған болса) жанатын болады.
1.8.2 Кірді крахмалдауды жуудан кейін жүргізу ұсынылады.
Крахмалдау үшін оны өндірушінің ұсынысына сəйкес, машинаға
15л-ге жуық су құйылады, соның есебінен крахмалдауға арналған
арнайы құралды суда еріту керек. Крахмалдауға арналған сұйық
құралды машинаның науасына пайдалануы бойынша нұсқаулыққа
сəйкес құю керек (6 бөлім). Тұтқаны «Шаю» бағдарламасына ор-
натып, қажет болған жағдайда сығу жылдамдығын таңдап,
батырмасын басып бағдарламаны қосу керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Крахмалдауға арналған кір конди-
ционермен өңделмеген болуы тиіс.
1.9 МАШИНА ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ҮЗІЛІС / КИІМ-КЕШЕКПЕН
ТОЛТЫРУ
1.9.1 Бағдарламадан бас тартпай, машинаның жұмысын
уақытша тоқтату қажет болса, 3 с бойы
түймесін басып ұстап
тұру керек. Дыбыстық сигнал естіледі,
түймесі жыпылықтайды,
жуу тоқтатылады.
Егер шамамен 2 минуттан кейін есікті блоктау құрылғысы өшіп
қалса, есікті ашып, киім-кешекті салу немесе алу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машина багында су деңгейі жоғары
болса және/немесе су температурасы 60
0
С-дан жоғары
болса, сондай-ақ, барабан айналған кезде есік ашылмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Киім-кешекпен толтырғанда / оны
алғанда есікті ұзақ уақыт бойы ашық қалдырмаңыз. Киім-
кешектен су ағуы мүмкін.
Кір жууды жалғастыру үшін
түймесін басу керек. Машина
жуу операциясын тоқтатқан кезден бастап бағдарламаны орында-
уды жалғастырады. Жууды аяқтағанға дейінгі уақыт артуы мүмкін.
«Жүн», «Қолмен» бағдарламаларында машинаның жұмысын
тоқтату мүмкін емес.
1.10 БАҒДАРЛАМАНЫ ТОҚТАТУ
1.10.1 Орындалып жатқан жұмысты тоқтату үшін тұтқаны
символына орнату керек— машина сөніп жəне орындалып
жатқан жұмыстар тоқтатылады. Қажет болған жағдайда есікті
ашу үшін «Төгу» бағдарламасын таңдап жəне қоса отырып,
суды төгу керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер барабандағы су деңгейі есік
шынысы арқылы көзбе-көз анықталатын болса, машинаның
есігін ашпаңыз.
1.11 МАШИНАНЫ СӨНДІРУ
1.11.1 Жуудың соңғы операциясын аяқтаған соң шамамен
2 инуттан кейін есіктің блокадалау құрылғысы сөніп, дыбыстық
сигнал дыбысы беріледі.
батырмасының индикаторы сөніп
жəне жуу операциясы индикаторы жанады.
Егер де машина электр желісінен ажыратылмаған болса,
онда дыбыстық сигнал бір минут интервалымен тағы бес рет
дыбыс береді.
1.11.2 Жуу аяқталған соң тұтқаны
символына орнату
арқылы машинаны сөндіру керек, қуат көзі элекр сымының
қостілін розеткадан суырып жəне су беру кранын жабу керек.
Есігін ашып кірді алу керек.
1.12 МҮМКІН БОЛАТЫН МАШИНАНЫҢ АҚАУЛАРЫ
1.12.1 4-суретке сəйкес аймақтағы индикаторлардың
жыпылықтауы машинаның жұмысындағы мүмкін ақауларды
білдіреді.
Пайдаланушы жоюға болатын ақаулар пайдалану
нұсқаулығында көрсетілген. Егер ақаулықты өз бетіңізше жою
мүмкін болмаса, машинаны электр желісінен ажыратып, сумен
жабдықтау шүмегін жауып, қызмет көрсетуші механикке қоңырау
шалу керек.
ақауларды
көрсету аймағы
4 сурет
2 ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫ
2.1 Машинада жуудың 1 кестеге сəйкес негізгі ақта, Синте-
тика, Жүн) жəне арнайы (Қолмен, Джинсы, Тез 15', Спорт, Балалар,
Шаю, Төгу, Сығу) бағдарламалары алдын-ала қарастырылған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 90
0
С кезінде «Мақталы», 60
0
С
кезінде «Синтетика» немесе «Бала киімі» бағдарламасын
таңдаған кезде 1 тартпа бөліміне жуу құралын салу қажет
болатын алдын-ала жуу автоматты түрде қосылады.
Егер алдын-ала жуудың қажеттілігі жоқ болса, жуу құралын
1 бөліміне салмауға болады.
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
Скачать