Thermex IF 50 H (pro) Wi-Fi Инструкция по эксплуатации онлайн [17/0] 508065

Thermex IF 80 H (pro) Инструкция по эксплуатации онлайн [17/46] 506215
15
СУ ЖЫЛЫТҚЫШТЫ АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
БЕРІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТЫ
МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!
Сізді THERMEX электр су жылытқышын сатып алуыңызбен құттықтаймыз.
Біздің электр су жылытқыштарымыздың мол ассортименті Сіздің кез келген
қажеттіліктеріңізді қанағаттандырады деп үміт артамыз. Аспапты жасау кезінде
заманауи технологиялар мен жоғары сапалы материалдарды пайдалану
THERMEX сауда маркасына деген сенім мен оның танымалдылығын
айқындайды. Біздің электр су жылытқыштар пайдалану кезінде Сізге толық
электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныстық өшіру құрылғысымен (ҚӨҚ)
жабдықталған.
THERMEX электр су жылытқышы пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздігіне
кепілдік беретін отандық және халықаралық стандарттарға қатаң сәйкестікте
әзірленген және дайындалған.
Берілген нұсқаулық IF (pro) сериясының THERMEX үлгісіне қолданылады.
Сіз сатып алған су жылытқыштың үлгісінің толық атауы «Дайындаушының
кепілдігі» бөлімінде («Сату туралы белгі» тармақшасында) және су
жылытқыштың корпусындағы сәйкестендіру тақташасында көрсетілген.
1. АРНАЛУЫ
Электр су жылытқыш (бұдан әрі мәтін бойынша - ЭСЖ) қажетті
параметрлерімен суық сумен жабдықтау магистраліне ие тұрмыстық және
өнеркәсіптік объектілерді ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған.
ЭСЖ жабық жылытылатын жайларда пайдаланылуы тиіс және үздіксіз ағу
режімінде жұмыс істеуге арналмаған.
Электр су жылытқыш (бұдан әрі мәтін бойынша - ЭСЖ) 0,05 МПа кем емес
және 0,6МПа көп емес қысыммен суық су құбырына ие тұрмыстық және
өнеркәсіптік объектілерді ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған.
2. ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
Электр су жылытқыш
- 1 дана
GP типінің сақтандырғыш клапаны
Предохранительный клапан типа GP
- 1 дана
Пайдалану бойынша нұсқаулық
- 1 дана
Бекітуге арналған анкерлер жиынтығы
Комплект анкеров для крепежа
- 1 жиынтық
Орамы
- 1 дана
ы
KZ
Скачать
Случайные обсуждения