Alteco HG 0607 Руководство по эксплуатации онлайн [5/28] 600011

Alteco HG 0607 Руководство по эксплуатации онлайн [5/28] 600011
KZ
alteco.hk 5
Қорғаныс көзілдірігі мен қорғаныс қолғаптарын пайдаланыңыз. Шаң
деңгейінің жоғары болған жағдайда арнайы сүзгі бетпердесін қолданыңыз.
Техникалық фен ауаны 600 Цельсий градусына дейін қыздыруы мүмкін, бұл
өрт пен жарылыс пайда болудың жоғары қаупін тудырады.
Техникалық фенді жарылыс қаупі бар үй-жайларда қолдануға тыйым
салынады.
Жанғыш материалдардың қасында жұмыс істеген кезде ерекше сақ болыңыз.
Ыстық ауа ағыны мен шүмек ауаның құрамындағы шаң немесе газдың
тұтауына әкеліп соғуы мүмкін.
Синтетикалық, лактық-сырлық немесе соларға ұқсас материалармен жұмыс
істеу кезінде жеңіл тұтандырғыш газдар пайда болуы мүмкін.
Сіздің жұмыс орныңыз жақсы желдетілуі тиіс. Жұмыс кезінде пайда болатын
газдар мен булар денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Ыстық ауа ағынын адамдар немесе жануарларға қарай бағыттамаңыз.
Фенді шашыңызды немесе үй жануарларын кептіру үшін пайдаланбаңыз.
Жұмыс істейтін техникалық феннің шүмегі астына қолдар немесе дененің
кез келген басқа мүшелерін, киім, жеңіл тұтанатын материалдар мен
сұйықтықтарды қоймаңыз.
Өңделетін бұйымдар мен материалдардың қатты қызып кетуін е жол
бермеңіз, бұл өртке себеп болып, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін, сондай-
ақ бұйымның беті немесе бүкіл бұйымның пішінін өзгерту мен бүлінуіне
әкеліп соғуы мүмкін.
Жұмыс істеп жатқан, қосулы фенді жатқызып қойып қалдырмаңыз. Осы
талапты орындамау өртке немесе мүлікке зиян келтірілуіне әкеліп соғуы
мүмкін.
Жұмыс кезінде, сонымен қатар феннің толығымен суытылуын күтпей жұмыс
аяқталғаннан кейін де шүмек пен қондырмаларды ұстамаңыз.
Фенді пайдаланғаннан кейін фенді жанбайтын бетке қойыңыз, немесе фенді
тік күйінде орнатыңыз (егер феннің құрылымы тиісті болса), оның толығымен
суып кетуін күтіңіз. Феннің толығымен суып қалуына көз жеткізгеннен кейін
ғана оны алып, сақтау орнына апара аласыз.
Балалардың фенді пайдалануға жол бермеңіз, балаларға қол жетімсіз жерде
сақтаңыз.
Осы нұсқаулықпен таныспаған тұлғаларға Фенді қолдануға рұқсат етпеңіз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер мен нұсқаулықтарды сақтамау электр тогымен
жарақаттану, өрттің пайда болуына, ауыр жарақат алу, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруге
себеп болуы мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары
Скачать