Alteco JS 500 Promo Руководство по эксплуатации онлайн [4/24] 599893

Alteco JS 500 Promo Руководство по эксплуатации онлайн [4/24] 599893
KZ
alteco.hk4
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электрлік қыл араның осы үлгісі тек тұрмыстық
пайдалануға арналған.
Құралды пайдалану алдында жану, электр тогымен жарақаттану қаупін
азайту және құралға зиян келтіру мүмкіндігін төмендету мақсатында барлық
қажетті шаралар қолданылуы тиіс. Бұл сақтық шаралары төменде көрсетілген
тармақтарды қамтиды.
Жеке қауіпсіздік
Қорғаныш көзілдірігін қолданыңыз. Шаңдылық деңгейінің жоғары болу
жағдайында арнайы сүзгіш бетпердесін қолданыңыз.
Арнайы киімді киіңіз. Құралдың айналмалы бөліктеріне ілініп қалуы мүмкін бос
киім және әшекей бұйымдарын киюге кеңес берілмейді.
Жұмыс кезінде арнайы қорғайтын қолғап және тайғанамайтын аяқ киім кию
жөн. Егер шашыңыз ұзын болса, оларды бас киімнің астына жинау қажет.
Салауатты пайым қағидаларын басшылыққа алыңыз. Егер сіз шаршап тұрсаңыз,
мас күйінде немесе дәрілік заттың әсерінде болсаңыз құралмен жұмыс
істемеңіз.
Қуат беруші кабель құралдың әрекет ету аймағынан тыс жерде болуын
қадағалаңыз.
Құралды ешқашан электр қуат беру баусымынан алып тасымаңыз.
Айырды розеткадан алу үшін баусымды жұлқымаңыз. Баусымды жоғары
температурадан, майлау материалдары мен өткір шеттері бар заттардың
әсерінен қорғаңыз.
Құралдың бетінде көзге көрінетін ақаулардың бар болуын, сонымен қатар
барлық функциялар мен тетіктердің дұрыс жұмыс жасауын тексеріңіз.
Егер қандай да бір бөлшектерге зақым келтірілсе, олар құралға қызмет көрсету
мен жөндеудің арнайы авторизацияланған орталығында жөнделуі немесе
ауыстырылуы тиіс.
Жұмыс кезінде Сіздің дене қалпыңыз әрдайым тұрақты әрі қауіпсіз болуы үшін
тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз.
Қыл араны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
шаралары және пайдалану бойынша ұсыныстар
Электр қыл арасы таңбалау тақтайшасындағы көрсетілген кернеумен электр
желісіне қосылуы керек. Төмен кернеуі бар тогын пайдалану құралдың
шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін. Ток түрі - ауыспалы, бір фазалы.
Қауіпсіздік шаралары
Скачать