Redmond RV-C344 Руководство по эксплуатации онлайн [18/20] 536930

Redmond RV-C344 Руководство по эксплуатации онлайн [18/20] 536930
18
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
I V. СЕРВИС
-
ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР АЛДЫНДА
Ақаулық Мүмкін болатын себептері Жою әдістері
Аспап жұмыс істемейді
Құрал электр желісіне қосылмаған Құралды электр желісіне қосыңыз
Электрлік розетка жұмыс істемейді
Құралды жұмыс істеп тұрған розеткаға
қосыңыз
Жұмыс кезінде сору қуаты елеулі
түрде төмендеді, қатты шу пайда
болды немесе құрал өздігінен ажы-
ратылды
Шаң сорғыш шамадан артық толды
Құралды тазартыңыз («Аспаптың күтімі»
құралды тазартуды жүргізіңіз )
Сүзгілер қоқысқа толды
Гофрленген құбыршек немесе теле-
скопты құбыр қоқысқа толған
Құрал өздігінен ажыратылды Қызып кетуден сақтау қосылды
Құралды электр желісінен ажыратыңыз
және құралды толық суығанға дейін
қолданбаңыз
Егер қателікті дұрыстай алмасаңыз, авторизацияланған сервистік орталыққа жү-
гініңіз.
V. КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 3 жылды мерзіміне кепілдік беріледі. Кепілдік кезеңі
ішінде дайындаушы жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе барлық бұйымды ауыстыру
жолымен кез келген зауыттық ақауларды жоюға міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні
түпнұсқалық кепілдік талонында дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдай-
да ғана күшіне енеді. Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес
қолданылған, жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде
зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда танылады.
Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын материалдарына таралмайды (сүзгілер
және т. б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен оған кепілдікті міндеттемелердің қолданыс мерзімі бұйым
сатылған немесе өндірілген кезден есептеледі (егер сату күнін анықтау мүмкін болмаса).
Аспап өндірілген күнді бұйым корпусының сәйкестендіру жапсырмасындағы сериялық
нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 4-ші және 5-ші белгілер
айды, 6-шы және 7-ші— құрылғының шығарылған жылын білдіреді.
0 0 0 1 1 2 2 3 3 3 3 3 3
1 — өндірілген айы (01 — қаңтар, 02 — ақпан ... 12 — желтоқсан)
2 — өндірілген жылы (21 — 2021 г., 22 — 2022 г. ... 30 — 2030 ж.)
3 — үлгінің сериялық нөмірі
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы осы нұсқаулық
пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылғанда, сатып алынған
күнінен бастап 4 жылды құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін қалдықтарды қайта
өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес пайдаға асыру керек. Қоршаған ортаға
қамқорлық білдіріңіз: мұндай бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз.
Кепілдіктен кейінгі жөндеуге арналған қосалқы бөлше имктерді табуға
болады сайт https://redmondsale.com

Похожие устройства

Скачать