Samsung Galaxy Z Fold6 (SM-F956B) Руководство по безопасности онлайн [326/678] 902262
![Samsung Galaxy Z Fold6 (SM-F956B) Руководство по безопасности онлайн [326/678] 902262](/views2/2146505/page326/bg146.png)
Қазақ тілі
325
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Құрылғыны пайдалану алдында осы қауіпсіздік туралы маңызды ақпаратты оқып шығыңыз. Ол
құрылғылар үшін жалпы қауіпсіздік туралы ақпаратты қамтиды және құрылғыңызға қатысты
емес мазмұнды қамтуы мүмкін. Өзіңізге немесе басқаларға жарақатты болдырмау және
құрылғының зақымдалуын болдырмау үшін ескерту және сақтандыру ақпаратын ескеріңіз.
«Құрылғы» термині өнімді және оның батареясын, өніммен бірге қамтамасыз етілетін
заттарды және құрылғымен бірге пайдаланылатын Samsung бекіткен қосалқы
құралдарды білдіреді.
Ескерту
Қауіпсіздік ескертулерін және ережелерді сақтамау ауыр жарақатқа
немесе өлімге әкелуі мүмкін
Құрылғыда магниттер бар. Оны несие карталарынан, имплантталған медициналық
құрылғылардан және магниттер әсер етуі мүмкін басқа да аспаптардан алшақ ұстаңыз.
Медициналық құрылғыларға қатысты жағдайда, бұл құрылғыны олардан 15 см-ден ұзақ
қашықтықта ұстаңыз. Медициналық құрылғының жұмысына кедергі келтіру туралы күмәніңіз
болса, құрылғыны қолдануды доғарып, дәрігеріңізбен немесе медициналық құрылғыны
өндірушімен кеңесіңіз
Зақымдалған электр шнурларын не ашаларын пайдаланбаңыз немесе электр розеткаларына көп
құрылғы қоспаңыз
Қорғалмаған қосылымдар ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Құрылғыны, қуат кабельдерін, ашаларды немесе электрлік розеткаларды ылғал қолыңызбен
немесе дененің басқа да ылғал бөліктерімен тимеңіз
Бұлай істеу тоқ соғуына әкелуі мүмкін.
Қуат кабелін ажыратқанда тым қатты тартпаңыз
Бұлай істеу тоқ соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Электр шнурын майыстырмаңыз немесе зақымдамаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Құрылғы зарядталып жатқанда құрылғыға ылғалды қолдармен тимеңіз
Бұлай істеу ток соғуына әкелуі мүмкін.
Похожие устройства
- Samsung Galaxy Z Flip6 [SM-F741BLBHSKZ] Руководство пользователя
- Samsung Galaxy Z Flip6 [SM-F741BLBHSKZ] Руководство по безопасности
- Epson EB-460i Help
- Epson EB-460i MonitorGuide
- Epson EB-460i OperationGuide
- Epson EB-460i Safety
- Epson EB-460i InstallGuide
- Epson EB-460i UsersGuide
- Epson EB-1761W SlideConverter
- Epson EB-1761W UsersGuide
- Thermaltake UX200 SE ARGB Snow (CL-P116-AL12SW-A) Инструкция по установке
- Thermaltake UX200 SE ARGB Black (CL-P105-AL12SW-A) Инструкция по установке
- Thermaltake TOUGHAIR 510 Racing Green (CL-P075-AL12RG-A) Инструкция по установке
- Thermaltake TOUGHAIR 510 Gray (CL-P075-AL12BL-A) Инструкция по установке
- Thermaltake TOUGHAIR 510 Turquoise (CL-P075-AL12TQ-A) Инструкция по установке
- Thermaltake TOUGHAIR 110 (CL-P073-AL12BL-A) Инструкция по установке
- Thermaltake TOUGHAIR 310 (CL-P074-AL12BL-A) Инструкция по установке
- Kuppersberg ICI 605 Технические характеристики
- Kuppersberg ICI 605 Инструкция по эксплуатации
- Kuppersberg ICI 604 Технические характеристики