Scarlett SC-HC63C107 Инструкция по эксплуатации онлайн [7/8] 902367

Scarlett SC-HC63C107 Инструкция по эксплуатации онлайн [7/8] 902367
7
KAZ
IM2024
SC-HC63C107
Машинканы жиынтықта берілген зарядтау бауы арқылы зарядтауға болады. Бұл үшін USB бау кірісін USB
портына, ал екінші ұшын аспаптағы қоек бауын қосуға арналған ағытпаға қосыңыз.
Батарея деңгейі құрылғының дисплейінде көрсетіледі (0 - минималды заряд деңгейі, 99 - максималды заряд
деңгейі).
Құрылғының дисплейіндегі қызыл индикатор зарядтау процесі туралы сигнал береді.
ЖҰМЫСЫ
Алынатын тарақты алыңыз, тарақтың алдыңғы жағын пышақтардың үстіне салыңыз да, тарақтың артқы жағын ол
орнына түскенше ақырын басыңыз.
Пакетте шаш қиюының қажетті ұзындығын таңдауға арналған 4 тарақ бар - 1 мм, 3 мм, 5 мм, 7 мм.
Сондай-ақ машинкамен тарақсыз да жұмыс істеуге болады (тарақсыз кесу ұзындығы - 0,5 мм)
Құрылғыны қосу үшін қосқышты жоғары жылжытыңыз («1» күйі)
Жұмыстың соңында қосқышты төмен жылжыту арқылы машинаны өшіріңіз («0» күйі)
САПТАМА-ТАРАҚТЫ АУЫСТЫРУ
Машинканы өшіріңіз
Машинканың сырт жағын үстіне қарата төңкеріңіз
Саптаманы кесу блогынан алып тастау үшін, оның артқы жағын аспаптан абайлап алыңыз, содан кейін
саптаманы кесу блогынан сырғытыңыз.
Саптаманы кесу блогына бекіту үшін, қорғаныстың алдыңғы бөлігін кесу блогының тістеріне сырғытыңыз.
Содан кейін тарақтың артқы жағын сырт еткенше басыңыз.
ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Шашты құрғақ күйде қырыққан дұрыс.
Шашты қырқар алдында жақсылап тарап алыңыз.
Шашты аз-аздан біртіндеп алып отырыңыз.
Шаш біркелкі қырқылуы үшін машинка шашты қырқып үлгермей жатып оны жылдам жүргізбеңіз. Шашты қырқу
кезінде қырқылған шашты тарақпен жиірек тарап түсіріп отырыңыз.
БАТАРЕЯНЫ ТАСТАУ
Батареяны қоқысқа тастардан бұрын оны аспаптан шығарып алу керек.
Шашты сирететін пышақты тартып шығару үшін сиреткіш пышақты шығаруға арналған түймені жылжытыңыз.
ТАЗАЛАУ
Пышақтарды тазалау және майлау қажеттілігі құрылғының дисплейіндегі сары индикатормен дәлелденеді.
Машинканы өшіріңіз де, электр желісінен ағытыңыз.
Жүздері мен машинканы қоса берілетін шөткенің көмегімен шаштан тазартыңыз. Бөлшектерді сумен жууға
болмайды.
Корпусын құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Машинканың ұзақ уақыт әрі сенімді жұмыс істеуі үшін әр шаш қырықққан сайын жүздерін арнайы маймен үнемі
майлап отырған дұрыс.
Маймен сылағаннан кейін жүздерінің арасында майдың біркелкі таралуы үшін машинканы өшіріңіз де, олардың
біркелкі жүрісін тексеріңіз. Шыққан майды сүртіп алыңыз.
Майлау үшін шашқа арналған майды, тоңмайларды және керосин немесе басқа еріткіштер қосылған майларды
қолдануға болмайды.
САҚТАЛУЫ
Машинканы құрғақ жерде сақтау керек.
Жүздерін міндетті түрде майлап қою керек.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік және
электрондық бұйымдар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы керек дегенді білдіреді. Оларды
арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
Өнім, орам және/немесе қосымша құжатта бар осы бұйымда пайдаланылатын аккумулятор немесе
батарея әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы тиіс.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару органдарына
хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс шығармау
салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
Скачать