Scarlett SC-GS135S34 Инструкция по эксплуатации онлайн [7/8] 902372
![Scarlett SC-GS135S34 Инструкция по эксплуатации онлайн [7/8] 902372](/views2/2146650/page7/bg7.png)
7
KAZ
IM2024
SC-GS135S34
ДАЙЫНДАУ
• Су құятын сауытты бекітетін батырманы басу арқылы сауытты ағытып алыңыз.
• Су құятын сауытқа ең үлкен деген белгіден асырмай су құйыңыз. Сауытты орнына салыңыз.
• ЕСКЕРТУ! Сауытқа суды тек аспап электр желісінен ажыратулы тұрғанда ғана құйыңыз.
• Өте жақсы нәтижеге жету үшін бумен тегістеудің алдында матаның үстінен масатымен қапталған арнайы
қондырмамен жүргізіңіз. Аталған қондырма матадан түрлі ұсақ бөлшектерді, жіпті, шыңды кетіруге өте қолайлы.
Қондырманы сондай-ақ бумен тегістегеннен кейін де пайдалануға болады.
• Аспапты тік қалпында ұстап тұрып бір қолыңызға алыңыз да, екінші қолыңызбен аспапқа қондырмалардың бірін
кигізіп, сырт еткенге дейін бекітіңіз. Қондырманы алу үшін өзіңізге қарай тартыңыз.
• ЕСКЕРТУ! Күйіп қалмас үшін қондырманы тек аспап жұмыс істемей тұрғанда және суығанда орнату керек.
• Құрылғыны электр желісіне қосыңыз, осы батырманың индикаторы көк түспен жана бастайды.
• Индикатор жануды тоқтатқан кезде, сіз бумен пісіруді бастауға болады.
БУМЕН ТЕГІСТЕУ
• Қолмен басқарылатын бумен тегістегіш аспапты пайдалану оңай және ол киімдегі, перделердегі, сондай-ақ
жиһаздағы қатпарларды жазу үшін тамаша жарайды.
• Аспапты матаның барлық түрлеріне, зауыттық затбелгіге сәйкес пайдалануға болады.
• Мақта мен зығырды немесе жүн мата мен жібекті таңдау үшін басқару тақтасындағы тиісті түймені басыңыз.
• ЕСКЕРТПЕ: Металл әшекейлердің айналасындағы матаны бумен тегістемеген дұрыс.
• Бу шығаратын батырманы басып ұстап тұрыңыз. Ыстық бу 25 секундтан кейін беріле бастайды.
• Бу үздіксіз берілуі үшін бу беретін батырманы басыңыз да, сырғытыңыз.
• Асып төгілуден қорғау – аспап оңтайлы қызған күйге жетпейінше, сорғы су беруді бастамайды.Бумен
тегістегішті матаға 5 см-ден аспайтын жерден жақындатыңыз да, жоғары-төмен қозғалтыңыз.
• Бумен тегістеу кезінде дырылді сезесіз және ызылдаған жіңішке дыбысты естисіз.
• Бу берілуін тоқтату үшін бу шығаратын батырманы босатыңыз.
• ЕСКЕРТУ: бумен тегістегіш аспап температурасы жоғары бу шығарады, бумен тегістегіштің жоғарғы жағын
қолмен ұстамаңыз, бумен тегістеу кезінде бу шығатын саңылаулардың өзіңізге бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ
• Бу беру түймесін босатыңыз
• Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
• Су құятын сауытты ағытып алыңыз да, суды шұңғылшаға төгіңіз.
КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
• Бумен тегістегіш аспаптан шөткені шешіп алыңыз.
• Сыртқы жағын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
• Жеміргіш немесе түрпілі тазартқыш заттарды немесе еріткіштерді қолдануға болмайды.
• Бумен тегістегіш аспапты суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа салмаңыз.
• Аспапты жылу көздеріне жақын жерде немесе күн сәулесі тура түсетін жерлерде сақтауға болмайды.
• Бу шығатын саңылаулардың таза екенін әрқашан тексеріп тұрыңыз.
ҚАҚТАН ТАЗАРТУ
• Аспаптың ішінде қақ түзілуіне жол бермеу үшін дистилденген немесе тұздардан тазартылған суды пайдаланған
жөн.
• Жай суды пайдаланған жағдайда, уақыт өте келе бумен тегістегіштің негізгі тораптары мен бөлшектерінде қақ
түзіледі. Бумен тегістегішті қақтан тазарту процедурасын ай сайын жүргізіп отыруды ұсынамыз.
• 50% сірке су мен 50% судан ерітінді дайындаңыз.
• Ерітіндіні сауытқа ақырындап құйыңыз.
• Ерітінді қолданылатын жұмыс циклын іске асырыңыз (киімдерге емес). Қажет болған жағдайда тағы бір циклды
іске асырыңыз.
• Содан кейін сауытты ағын суға жуыңыз. Сауытқа таза су құйыңыз да, бір жұмыс циклын орындаңыз. Бумен
тегістегіш қайтадан жұмысқа дайын.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік және
электрондық бұйымдар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы керек дегенді білдіреді. Оларды
арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару органдарына
хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс шығармау
салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
Похожие устройства
- Scarlett SC-GS135S33 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-GS135S20 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-SI30K67 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-SI30K66 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-SI30K48 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-VC80C66 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-HB42F68 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-HB42F51 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-HB42F67 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-HB42S13 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-HB42S12 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-HB42K11 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-HB42F40 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-HB42F29 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-HM40S22 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-HM40S21 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-SM10S55 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-MG45S76 Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-JE50C41A Инструкция по эксплуатации
- Scarlett SC-JE50C10 Инструкция по эксплуатации