Scarlett SC-HM40S22 Инструкция по эксплуатации онлайн [7/8] 902387

Scarlett SC-HM40S22 Инструкция по эксплуатации онлайн [7/8] 902387
IM023
www.scarlett.ru SC-HM40S22
7
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXX
жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСЫ
Аспап қамыр илеуге, кілегейді шайқауға, тұздық, езбе дайындауға, түрлі құрамдастарды араластыруға
арналған.
Қондырмаларды аздап бұрай отырып, ұяларына бекігенше қондырыңыз.
Қондырмаларды араластырылатын азық-түлікке матырыңыз.
Миксерді электр желісіне жалғаңыз.
Жылдамдықты ауыстырып-қосқыштың көмегімен қажетті жылдамдықты орнатыңыз.
Қоспаның қоюлығы қажетті дәрежеге жеткеннен кейін жылдамдықты ауыстырып-қосқышты “0 қалпына
қойыңыз.
Қондырмалар әбден тоқтағанша күтіңіз.
Миксерді электр желісінен ажыратыңыз.
Қондырмаларды тек жылдамдықты ауыстырып-қосқыш «0» қалпында тұрған кезде ғана шығарып алуға
болады.
Қондырмаларды шығару түймесін басыңыз да, оларды суырып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Жылдамдық тәртібін өнімдерге тиісті таңдаңыз. Әрқашан жұмысты төмен жылдамдықтан
бастап, бірте-бірте жоғарысына өтіңіз. Егер өңдеу барысында қоспа қоюланса, миксерді жоғарырақ
жылдамдыққа ауыстырып қуаттылықты үлкейтіңіз.
НАЗАР: Қамырды араластыруға арналған қондырмаларды орнату кезінде шектеу сақинасы бар қондырма
оң ұяға, ал басқа қондырма солға салынғанына көз жеткізіңіз.
Миксерді ілмектерін әрі қаратып ұстасаңыз, оң жақ ойық сіздің оң жағыңызда болады. Бұл қамырдың
аспаптың ішіне түсіп кетпеуі үшін қажет.
ТУРБО РЕЖИМІ ТҮЙМЕСІ
Өнімдерді тезірек араластыру немесе тұтқыр қоспалармен жұмыс істеу кезінде жылдамдықты арттыру
үшін ТУРБО түймесін басыңыз.
АРАЛАСТЫРУ ҰСЫНЫЛАТЫН ТӘРТІПТЕРІ
ЖЫЛДАМДЫҚ
ОПЕРАЦИЯ
1,2
Құрғақ ингредиенттерді араластыру.
3
Асқатықтарды, тұздықтарды және жеміс пюресін даярлау.
4
Бисквиттерге, пісіруге, пудингілерге арналған қамырды илеу.
5
Қамырға арналған қант пән майды (іш майды) араластыру үшін
қолданылады.
Қозғалтқыш қызып кетпеуі үшін толассыз 10 минуттан көп жұмыс істемеңіз және миксердің бөлмелік
температураға дейін сууы үшін міндетті түрде 10 минуттан кем емес үзіліс жасаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Тазалау алдында құралды электр жүйесінен әрқашан ажыратып тастаңыз.
Саптамаларды ыстық сабын сумен жуыңыз және құрғатып сүртіңіз.
Миксердің тұлғасын дымқыл матамен сүртіңіз және еш жағдайда суға батырмаңыз не құймаңыз.
Тазалау үшін қайрақты тазартушы құралдарды, щёткимен металл щөтке мен жөкені, сонымен қатар
органикалық еріткіштер мен агрессивтік сұйықтықтарды қолданбаңыз.
САҚТАУ
Сақтап қояр алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ бөліміндегі талаптарды орындаңыз.
Аспапты құрғақ таза жерде сақтаңыз.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік және
электрондық бұйымдар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы керек дегенді білдіреді.
Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару органдарына
хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс шығармау
салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің алдын алуға
көмектеседі.
Скачать