Scarlett SC-JE50C10 Инструкция по эксплуатации онлайн [7/8] 902392

Scarlett SC-JE50C10 Инструкция по эксплуатации онлайн [7/8] 902392
IM024
www.scarlett.ru SC-JE50C10
7
Дұрыссыз қолдау бұйымның бұзылуына әкеліп соғуы, заттай зиян іп келтіріп және пайдаланушының
денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.
Жайдан тыс қолданылмайды.
Аспап тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалануға арналған. Аспап өнеркәсіптік және сауда-саттық
мақсатында қолдануға, сондай-ақ мына жерлерде пайдалануға арналмаған:
дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да өнеркәсіптік үй-жайлардағы қызметкерлерге арналған асүй
аймақтарында;
фермерлердің үйлерінде;
қонақүйлерде, мотельдерде, пансионаттарда және соларға ұқсас тұрғын жайларда клиенттердің
пайдалануына арналмаған.
Егер шырынбөлгіш электр жүйесіне қосылған болса оны талдауға тиым салынады. Жабдықты
тазалаудың алдында немесе Сіз оны қолданбасаңыз электр жүйесінен әрқашан сөндіріп тастаңыз.
Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, оны электр жүйесінен дереу сөндіріп тастаңыз және сервис
орталығына тексертіңіз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл аспапты қолдануына
болмайды.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері
шектеулі немесе тәжірибе мен білімі жоқ адамдар, егер олар құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау
алса және онымен байланысты қауіптерді түсінсе, қолдана алады.Балалар құрылғыны тазалау мен
қызмет көрсетуді қараусыз жүргізбеуі тиіс.
Құрылғы мен қуат сымын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.
Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші, сервистік қызмет
немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Қоректену бауын тартпаңыз, бұраламаңыз және еш нәрсеге орамаңыз.
Ыстық газды немесе электрлік плиткаға құралды қоймаңыз, жылу қайнарларына оны жақын
жайғастырмаңыз.
Құралдың қозғалушы бөлімдеріне тимеңіз.
Құралды қосудың алдында қақпақтың тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз.
Саусақтармен өнімдерді итеруге тиым салынады. Егер жеміс-жидектердің кішкентай кесектері қылтада
тұрып қалса, итергішті пайдаланыңыз. Егер бұл көмектеспесе, электр жүйесініен құралды өшіріңіз және
сөндіріп тастаңыз, оның талдаңыз және бітелген орындарды қағып тазартыңыз.
5 минуттан артық үздіксіз жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Іске қосу арасындағы үзіліс кемінде 10
минут болуы керек.
Әрдайым сұрыптау және тазалау алдында электр жүйесінен құрылғыны сөндіріп тастаңыз. Барлық
айналатын бөлімдер және қозғалтқыш толық тоқталуға тиіс.
Әрдайым жұмысты аяқтағаннан кейін құрылғыны міндетті түрде өшіріңіз.
Құралды өнімдермен асыра тиетпеңіз.
Шырын сыққыш аспапты 10 минуттан астам қосулы бос жүрісте қалдыруға болмайды.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXX
жасап шығарылған жылы.
ДАЙЫНДАУ
Шырын сыққыш кез-келген цитрус жемістерінен, жидектерден, сондай-ақ анардан шырын алуға арналған.
Аспаптың орауышын ашып, бұйым мен керек-жарақтардың бүлінбегенін тексеріңіз.
Азық-түлікке жанасатын жерлерін жақсылап жуыңыз да, құрғатыңыз.
Корпустың сыртын сәл дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
ҚҰРАСТЫРУ / БӨЛШЕКТЕУ
БӨЛШЕКТЕУ:
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Қақпақты сағат тіліне қарсы бұрап алыңыз.
Конусты жоғары қарай тарту арқылы алыңыз.
Шырын жинайтын ыдысты сағат тіліне қарсы бұрап алыңыз.
ҚҰРАСТЫРУ:
Құрастырардың алдында қозғалтқыштың өшіріліп, электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Скачать