Scarlett SC-JE50S62 — пайдалану жөніндегі нұсқаулық: қауіпсіздік шаралары мен ережелер [8/12]

Превью страниц Страница 8 / 12
Scarlett SC-JE50S62 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/12] 902394
IM024
www.scarlett.ru SC-JE50S62
8
KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және
біздің компанияға сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану
нұсқаулығында суреттелген техникалық талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT
компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған
және іске пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде,
бұйымның қызмет мерзімі бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды
құрайды. Аталған шарттар орындалған жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші
көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші тұтынушылардың
назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Пайдалану кезінде бұзылмауы үшін құралды қолданудың алдында осы нұсқауды
ықыласпен оқып шығыңыз.
Алғашқы қосудың алдында бұйымның техникалық сипаттамасының жапсырмадағы,
электр жүйесінде көрсетілген параметрлеріне сәйкестігін тексеріңіз.
Дұрыссыз қолдау бұйымның бұзылуына әкеліп соғуы, заттай зиян іп келтіріп және
пайдаланушының денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.
Жайдан тыс қолданылмайды.
Аспап тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалануға арналған. Аспап өнеркәсіптік және
сауда-саттық мақсатында қолдануға, сондай-ақ мына жерлерде пайдалануға
арналмаған:
дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да өнеркәсіптік үй-жайлардағы қызметкерлерге
арналған асүй аймақтарында;
фермерлердің үйлерінде;
қонақүйлерде, мотельдерде, пансионаттарда және соларға ұқсас тұрғын жайларда
клиенттердің пайдалануына арналмаған.
Егер шырынбөлгіш электр жүйесіне қосылған болса оны талдауға тиым
салынады. Жабдықты тазалаудың алдында немесе Сіз оны қолданбасаңыз электр
жүйесінен әрқашан сөндіріп тастаңыз.
Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, оны электр жүйесінен дереу
сөндіріп тастаңыз және сервис орталығына тексертіңіз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану
үшін тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі
үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау
бермесе, олардың бұл аспапты қолдануына болмайды.
Құрылғы мен қуат сымын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші,
сервистік қызмет немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын
арадағы сервис орталығына апарыңыз.
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Қоректену бауын тартпаңыз, бұраламаңыз және еш нәрсеге орамаңыз.
Ыстық газды немесе электрлік плиткаға құралды қоймаңыз, жылу қайнарларына оны
жақын жайғастырмаңыз.
Құралдың қозғалушы бөлімдеріне тимеңіз.
Металл бөлімдерімен айналысқанда сақ болыңыз – олар өте өткір.
Ескерту! Егер айналып тұратын елеуіш бүлінген болса, аспапты пайдалануға болмайды.
Құралды қосудың алдында қақпақтың тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз. Сіздің
құралыңыз қақпағы дұрыс жабылмағанда құралды автоматты сөндіріп тастайтын
қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған.

Тұрмыстық құралдарды қауіпсіз пайдалану үшін нұсқаулық. Техникалық талаптар, қауіпсіздік шаралары және пайдалану ережелері туралы ақпарат.

Кешбек Менеджер