Stingray ST-MG2500A Инструкция по эксплуатации онлайн [10/12] 904720
![Stingray ST-MG2500A Инструкция по эксплуатации онлайн [10/12] 904720](/views2/2149262/page10/bga.png)
10
• Аспапты ыстық газ немесе электр плитаға немесе жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
• Пышақпен абай болыңыз – ол өте өткір.
• Ауызға азық-түлікті саусақпен итермеңіз, ол үшін итергіш қолданыңыз.
• Егер азық-түлік жүктеу аузында тұрып қалса, аппаратты өшіріп, жүздердің толық тоқтағанын күтіңіз де, оны желіден ажыратып, тұрып қалған заттарды шығару үшін ашыңыз.
• Тасымалдау барысында аппаратты жүктеу ұяшығынан немесе жүктеу аузынан ұстамаңыз. Аппаратты екі қолмен корпусынан ұстаңыз.
• Шұжықшалар мен кеббенеге арналған саптамаларды қолдануда пышақ пен торларды орнатыңыз.
• Электр бауы зақымдалған аспапты қолданбаңыз.
• Ет тартқышта қатты азық-түлікті үгітпеңіз (сүйек, зімбір, жаңғақтар және т.б.)
• Үздіксіз жұмыстың кеңес берілген ең көп уақыты – кем дегенде 10 минут міндетті үзіліспен 5 минуттан асырмай.
• Егер қозғалтқышты қызудан қорғау жүйесі іске қосылса, аспап толық суығанша оны қоспаңыз.
• Аспапты өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз. Аспап жұмысында ақаулар анықталған жағдайда жақын жердегі сервистік орталыққа жолығыңыз.
• Аспапты қолдану барысында ет тартқыштың блогында кішігірім люфт болады, бұл ақау болып табылмайды.
• Қозғалысты тоқтату үшін бекіткіш сақинаны қатты бұрамаңыз, бұл оның сынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Ет тартқыштың алынбалы металл бөлшектері (шнек, торлар, пышақ) қолданған соң тотығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдайда және ақау болып табылмайды.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
• Аспапты ашып, барлық жапсырмаларды алып тастаңыз.
• Аспаптың барлық құрамдастарының барын және зақымдардың жоғын тексеріңіз.
• Аспапты «Тазалау және күту» тарауына сәйкес тазартыңыз. Моторлық блокты суға салмаңыз.
• Жинар алдында аспаптың барлық бөліктері кебуі тиіс.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
• Ет тартқышты өшіріп, қозғалтқыштың толық тоқтағанына көз жеткізіңіз.
• Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
• Жинаудың кері тәртібінде ашыңыз.
• Алынбалы блоктың бекіткіш-түймешігін басып, ет тартқыштың блогын сағат тілімен бұрып, моторлы блоктан ажыратыңыз.
• Ет тартқыштың барлық бөлшектерін пайдаланған соң бірден тазартыңыз.
• Моторлы блок, электр қоректендіру бауы мен ашаны суға батырмаңыз. Моторлы блокты дымқыл матамен сүртіңіз.
• Ет тартқыштың азық-түлікке тиген барлық бөлшектерін жуу құралымен жылы суға жуыңыз.
• Тазалау үшін абразивті және хлорлы заттар немесе органикалық еріткіштер қолданбаңыз.
• Аспаптың металл бөліктерін (торлар, пышақ, шнек, бекіткіш бұранда, ұяшық, алынбалы блок) ыдыс жуғыш мәшинеде жумаңыз!
• Ет тартқыштың металл бөліктерін жуу үшін 40℃-ден жоғары температуралы ыстық су қолданбаңыз, өйткені бұл олардың тотығуын тездетеді.
• Жуған соң металл бөліктерді құрғақ матамен сүртіңіз.
• Таза және кептірілген пышақ пен торларды өсімдік майына шыланған матамен сүртіңіз.
• Егер ет тартқыш ұзақ уақыт қолданылмаса, оның барлық металл бөліктерін өсімдік майына шыланған матамен сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аспаптың кескіш жүздері өте өткір және қауіпті. Жүздерді орнатқанда, алғанда және жуғанда абай болыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электр қоректену
Өндіруші зауыт:
Cosmos Far View International Limited
Room 701, 16 apt, Lane 165, Rainbow North Street,
Ningbo, China Қытайда жасалған
230 Вольт, 50 Герц
Похожие устройства
- Stingray ST-MG2503A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-MG2503B Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-MG2501A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-MG2501C Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-MG2501D Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-MG2500B Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-MG2501B Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2210A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2205A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2203A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2206A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2204A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2207A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2208A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2201A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2204B Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2202C Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2200A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2202B Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2202A Инструкция по эксплуатации