Stingray ST-MG2501A Инструкция по эксплуатации онлайн [9/12] 904723
![Stingray ST-MG2501A Инструкция по эксплуатации онлайн [9/12] 904723](/views2/2149265/page9/bg9.png)
9
KAZ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
• Аспапты қолданар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып, оны ары қарай анықтама үшін сақтап қойыңыз.
• Бұл аспап физикалық және психикалық шектеулері бар, бұл аспаппен жұмыс тәжірибесі жоқ адамдардың қолдануына арналмаған. Мұндай жағдайларда пайдаланушыға оның қауіпсіздігі
үшін жауап беретін адам алдын ала нұсқау беруі тиіс.
• Аспапты алғаш қолданар алдында Сіздің ет тартқышыңыздың техникалық сипаттамаларының кестесінде көрсетілген электр қоректенуі Сіздің жергілікті желіңіздегі электр қоректендіруге
сәйкес келетінін тексеріңіз.
• Тек тұрмыстық мақсаттарда ғана қолдану керек. Аспап өнеркәсіптік пайдалануға арналмаған.
• Аспапты тек осы нұсқаулықта сипатталғандай қолданған жөн.
• Егер бұйым біраз уақыт 0ºC-ден төмен температурада болса, қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат бөлме жағдайында ұстау қажет.
• Құрылғыны желіге қосылып тұрғанда ашуға болмайды. Аспаптың айналмалы бөліктеріне тимеңіз! Аспапты Сіз қолданбасаңыз да, сонымен қатар тазалар алдында қоректендіру желісінен
үнемі өшіріп тұрыңыз.
• Электр тоғына ұрынбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
• Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, жұмыс кезінде үстіне мата немесе басқа материалдар жаппаңыз. Бұл желдетуді қиындатып, аспаптың сынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Балалардың аспапты қолдануына рұқсат етпеңіз.
• Қосулы аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
• Осы аспаптың жинағына кірмейтін керек-жарақтарды қолданбаңыз.
• Аспапқа азық-түлік қоймаңыз.
• Қоректендіру бауының үшкір шеттер мен ыстық беттерге тимегенін қадағалаңыз.
• Аспапты ыстық газ немесе электр плитаға немесе жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
• Пышақпен абай болыңыз – ол өте өткір.
• Ауызға азық-түлікті саусақпен итермеңіз, ол үшін итергіш қолданыңыз.
• Егер азық-түлік жүктеу аузында тұрып қалса, аппаратты өшіріп, жүздердің толық тоқтағанын күтіңіз де, оны желіден ажыратып, тұрып қалған заттарды шығару үшін ашыңыз.
• Тасымалдау барысында аппаратты жүктеу ұяшығынан немесе жүктеу аузынан ұстамаңыз. Аппаратты екі қолмен корпусынан ұстаңыз.
• Шұжықшалар мен кеббенеге арналған саптамаларды қолдануда пышақ пен торларды орнатыңыз.
• Электр бауы зақымдалған аспапты қолданбаңыз.
• Ет тартқышта қатты азық-түлікті үгітпеңіз (сүйек, зімбір, жаңғақтар және т.б.)
• Үздіксіз жұмыстың кеңес берілген ең көп уақыты – кем дегенде 10 минут міндетті үзіліспен 5 минуттан асырмай.
• Егер қозғалтқышты қызудан қорғау жүйесі іске қосылса, аспап толық суығанша оны қоспаңыз.
• Аспапты өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз. Аспап жұмысында ақаулар анықталған жағдайда жақын жердегі сервистік орталыққа жолығыңыз.
• Аспапты қолдану барысында ет тартқыштың блогында кішігірім люфт болады, бұл ақау болып табылмайды.
• Қозғалысты тоқтату үшін бекіткіш сақинаны қатты бұрамаңыз, бұл оның сынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Ет тартқыштың алынбалы металл бөлшектері (шнек, торлар, пышақ) қолданған соң тотығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдайда және ақау болып табылмайды.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
• Аспапты ашып, барлық жапсырмаларды алып тастаңыз.
• Аспаптың барлық құрамдастарының барын және зақымдардың жоғын тексеріңіз.
• Аспапты «Тазалау және күту» тарауына сәйкес тазартыңыз. Моторлық блокты суға салмаңыз.
• Жинар алдында аспаптың барлық бөліктері кебуі тиіс.
Похожие устройства
- Stingray ST-MG2501C Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-MG2501D Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-MG2500B Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-MG2501B Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2210A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2205A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2203A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2206A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2204A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2207A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2208A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2201A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2204B Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2202C Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2200A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2202B Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-KP2202A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-MS2550A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-EK2600A Инструкция по эксплуатации
- Stingray ST-MX2015B Инструкция по эксплуатации