Samsung UE58TU7500U Инструкция по работе онлайн [21/40] 911696

Превью страниц Страница 21 / 40
Samsung UE43TU7103U Эксплуатационная инструкция онлайн [21/40] 911692
01 Қорап ішінде не бар?
Келесі бөлшектердің теледидар жинағына кіретініне көз
жеткізіңіз. Керек-жарақтардың бірі жетіспесе, дилерге
хабарласыңыз.
Қашықтан басқару пульті & батареялары (Үлгі түріне
байланысты)
Samsung Smart қашықтан басқару пульті & батареялары
лгі түріне байланысты)
Пайдаланушы нұсқаулығы
CI Card адаптері
Кепілдік түбіртегі / Реттеуші құжаттама (кейбір жерлерде
болмайды)
Теледидар қуатының кабелі
Қабырғаға орнатылатын адаптер (үлгіге байланысты)
Батареялардың түрі үлгіге қарай әр түрлі болуы мүмкін.
Элементтердің түсі мен формасы теледидар үлгісінің
түріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Жинаққа кірмеген сымдарды жеке сатып алуға болады.
Қорапты ашқан кезде керек-жарақтардың орам
материалдарының артқы жағында немесе ішінде қалып
қоймағанына көз жеткізіңіз.
Дұрыс қолданбаған жағдайда экран тікелей
қысымнан зақымдалуы мүмкін. Суретте
көрсетілгендей, теледидарды көтерген кезде
экранның жиектерінен ұстап тұрыңыз.
Бұл экранға
қол тигізбеңіз!
02 Параметрлерді бастапқы
орнату
Теледидарыңызды алғаш рет қосқанда, параметрлерді
орнату мүмкіндігі дереу іске қосылады. Экранында
пайда болған нұсқауларды орындап, теледидардың
негізгі параметрлерін өзіңіздің теледидар көруге қоятын
талаптарыңызға сәйкес реттеңіз.
Теледидарды басқарушы функциясын пайдалану
Теледидардың астыңғы жағындағы Теледидарды басқарушы
түймесінің көмегімен теледидарды қосып, содан кейін
Басқару мәзірі пайдаланыңыз. Басқару мәзірі теледидар
қосулы тұрғанда Теледидарды басқарушы түймесі
басылғанда пайда болады.
Теледидардың астыңғы жағындағы немесе SAMSUNG
логотипін қорғайтын жапсырма алынбаса экран
күңгірттенуі мүмкін. Қорғайтын жапсырманы алыңыз.
Басқару мәзірі
Теледидарды басқарушы түймесі / Қашықтан басқару
пультінің датчигі
03 Ақаулықты түзету және жөндеу
Ақаулықты түзету
Қосымша ақпарат алу үшін, e-Manual құжатындағы
«Ақаулықтарды жою» немесе «Жиі қойылатын сұрақтар»
бөлімін қараңыз.
> Параметрлер > e-Manual > Ақаулықты түзету немесе
Жиі қойылатын сұрақтар
Егер ақаулықтарды жою туралы кеңестердің ешқайсысы
қолданылмаса, «www.samsung.com» сайтына кіріп, қолдау
көрсету немесе Samsung қызмет көрсету орталығына
хабарласу түймесін басыңыз.
Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі
технология бойынша жасалған кіші пикселдер
қолданылды. Дегенмен, экранда шамалы жарық немесе
күңгірт пикселдер бар болуы мүмкін. Бұл пикселдер
құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.
ТД-ды оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламалық
жасақтаманы соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз.
Теледидар мәзіріндегі Қазір жаңарту немесе Автоматты
жаңарту функцияларын (
> Параметрлер > Қолдау >
Бағдарламалық қамт-ды жаңарту > Қазір жаңарту немесе
Автоматты жаңарту) пайдаланыңыз.
ТД іске қосылмайды.
АТ қуат сымының теледидарға және қабырғадағы
розеткаға мықтап сұғылғанына көз жеткізіңіз.
Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп және
теледидардың астыңғы жағындағы қашықтан басқару
датчигінің қызыл түспен жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Теледидардың астыңғы жағындағы Теледидарды
басқарушы түймесін басып, ақаулықтың қашықтан
басқару пультіне байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз.
Егер теледидар қосылса, “Қашықтан басқару пульті жұмыс
істемейді” деп аталатын тақырыпты қараңыз.
Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.
Қашықтан басқару пультінің (Power) Қуат түймесін басқанда
теледидардың астыңғы жағындағы қуат индикаторының
жыпылықтайтынын тексеріңіз. Егер жыпылықтамаса,
қашықтан басқару пультіндегі батареяларды ауыстырыңыз.
Батареялардың полюстерінің (+/–) дұрыс бағытта
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Батареяның қолданыс мерзімін ұзарту үшін сілті
батареяларын пайдалануды ұсынамыз.
Қашықтан басқару пультін теледидарға 1,5-1,8 м
қашықтықтан бағыттаңыз.
Егер теледидармен бірге Samsung Smart қашықтан
басқару пульті (Bluetooth қашықтан басқару пульті) келсе,
оны теледидармен жұптастыруды ұмытпаңыз.
Қазақ - 5
Қазақ