Alteco CRS 20-40 Руководство по эксплуатации онлайн [4/16] 935410

Превью страниц Страница 4 / 16
Alteco CRS 20-40 Руководство по эксплуатации онлайн [4/16] 935410
KZ
alteco.hk4
Электр құралдарын пайдаланар алдында жанудың, электр тогымен соғудың
қауіп-қатерін азайту және құралдың зақымдану ықтималдығын азайту үшін
барлық қажетті сақтық шаралары қолданылуы тиіс. Бұл сақтық шаралары төменде
көрсетілген тармақтарды қамтиды.
Қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз. Шаң деңгейінің жоғары болған
жағдайда арнайы сүзгі бетпердесін қолданыңыз.
Арнайы киімді киіңіз. Құралдың айналмалы бөліктеріне ілініп қалуы мүмкін
бос киім және әшекей бұйымдарын киюге кеңес берілмейді.
Жұмыс кезінде арнайы қорғайтын қолғап және тайғанамайтын аяқ киім кию
жөн. Егер шашыңыз ұзын болса, оларды бас киімнің астына жинау қажет.
Салауатты пайым қағидаларын басшылыққа алыңыз. Егер сіз шаршап
тұрсаңыз, мас күйінде немесе дәрілік заттың әсерінде болсаңыз құралмен
жұмыс істемеңіз.
Құралдың бетінде көзге көрінетін ақаулардың бар болуын, сонымен қатар
барлық функциялар мен тетіктердің дұрыс жұмыс жасауын тексеріңіз .
Егер қандай да бір бөлшектерге зақым келтірілсе, олар құралға қызмет
көрсету мен жөндеудің арнайы авторизацияланған орталығында жөнделуі
немесе ауыстырылуы тиіс.
Жұмыс кезінде Сіздің дене қалпыңыз әрдайым тұрақты әрі қауіпсіз болуы
үшін тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз.
Жұмыс орнында жинақылықтың жоқ болуы жазатайым оқиғаның пайда болу
қаупін төндіреді.
Электр тогымен жарақаттанудан абай болыңыз. Құбырлар, радиаторлар, ас
үй пештері, тоңазытқыш корпустары сияқты жерге тұйықталған құралдармен
жанасудан аулақ болыңыз.
Құралдарды балаларға қол жетімсіз жерлерде сақтаңыз. Бөгде адамдарға
жұмыс орныңызға жақындауға рұқсат етпеңіз.
Электр құралдарын тез жанатын сұйықтықтардың қасында, сондай-ақ газ
немесе жарылыс қаупі бар ортада қолдаңбаңыз.
Электр құралын жаңбыр астында пайдалаңбаңыз.
Электр құралын ылғалдылығы жоғары үй-жайларда қолданбаңыз.
Жұмыс орнында жарықтың жақсы түсуін қамтамасыз етіңіз.
Жеке қауіпсіздік
Жұмыс орны
Қауіпсіздік шаралары