Texet TR-303 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/22] 130560

Texet TR-303 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/22] 130560
11
Құрылғыны қатты бетке түсіріп алмаңыз, оған бөгде заттарды
салмаңыз, үстіне ауыр заттар қоймаңыз және құрылғының химикаттарға
тиюіне жол бермеңіз. Құрылғы корпусына спирт пен аммиакты қамтитын
жуғыш және тазалағыш заттарды сеппеңіз.
Құрылғыны өз бетіңізше бөлшектемеңіз, жөндемеңіз.
МР3 пішімдеріндегі файлдарды құқық иелерінің алдын ала
рұқсатынсыз пайдалану олардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзу
немесе оларға қол сұғу болып табылады.
Велосипедпен жүргенде немесе көлік құралының рөлінде болғанда
құрылғыны құлаққаптармен тыңдамаңыз.
Жоғары дыбыс деңгейінде құрылғыны ұзақ тыңдау есту қабілетінің
нашарлауына немесе толығымен жоғалуына әкелуі мүмкін. Дыбыс
деңгейін дыбыс қалыпты түйсінілетін және ашуды, ыңғайсыздықты және
есту қабілетінің зақымдалуын тудырмайтын деңгейге дейін көтеруге
болады. Әрқашан дыбыс деңгейін ыңғайлы деңгейге орнатыңыз.
Егер құрылғыны қолдану кезінде сізде кезеңді түрде құлақтарда
сыңғырлау пайда болса немесе ыңғайсыздық сезімі пайда болса, дыбыс
деңгейін төмендетіңіз немесе құрылғыны пайдалануды тоқтатыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында орама материалдарын,
батареяларды және жарамсыз электрондық өнімдерді бөлек
утилизациялауыңызды сұранамыз.
Қоректендіруді қосу
Радиоқабылдағыш желіден немесе батареялардан қоректендіріледі.
Желіден қоректендіру
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Құрылғының зақымдалу қаупі! Электр желісінің кернеуі құрылғының артқы
немесе төменгі панелінде көрсетілген кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Электр тоғына ұрыну қаупі! Электр желісінен қоректендіру бауын өшіргенде тек
ашасынан ғана тартыңыз. Қоректендіру бауынан тартпаңыз.
Қоректендіру бауын қосар алдында барлық қалған қосылыстардың
орындалғанына көз жеткізіңіз.
Қоректендіру бауын радиоқабылдағыштың АС ауыспалы тоқ
ажыратқышына, содан кейін суретте көрсетілгендей электр қоректендіру
желісіне қосыңыз.

Содержание

Скачать