Texet TR-303 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/22] 130560

Texet TR-303 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/22] 130560
13
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жаңа батареяларды ескілермен араластырмаңыз.
Дыбыс әлсіз шықса немесе бұзылса, барлық батареяларды ауыстырыңыз.
Егер радиоқабылдағыш ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса, батареялар
ағып кетпеу немесе тат баспауы үшін оларды шешіп алыңыз.
Радиоқабылдағышты қосу/өшіру
Радиоқабылдағышты іске қосу үшін дыбыс реттегішті сыртыл
естілгенше айналдырып, дыбыстың қажетті деңгейін орнатыңыз.
Радиоқабылдағышты өшіру үшін дыбыс реттегішті сыртыл естілгенше
солға айналдырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
FM диапазонды тыңдағанда телескопиялық антеннаны тартып шығарып, жақсы
радиосигнал алу үшін радиоқабылдағышты терезенің қасына қойыңыз.
AM диапазонды тыңдағанда сигнал сапасын жақсарту үшін радиоқабылдағышты
терезенің жанына орнатыңыз.
Диапазонды таңдау
Радиоқабылдағыш 3 диапазон қабылдай алады: FM/TV,
SW, MW. Қажетті диапазонды таңдау үшін құрылғының жоғарғы
жағындағы диапазондар ауыстырып-қосқышын қолданыңыз.
Жиілікті таңдау
Радиостанцияны таңдау үшін жиілік теңшелімінің реттегішін
қолданыңыз. Ағымдағы жиілікті құрылғының алдыңғы бөлігінде
орналасқан қызғылт-сары көрсеткішпен анықтауға болады.
Сигнал сенімді түрде қабылданғанда радиоқабылдағыштың қызыл
индикаторы жанады.
Дыбыс қаттылығын реттеу
Дыдыс қаттылығының деңгейін өзгерту үшін дыбыс
қаттылығының реттегішін қолданыңыз.
Тасымалдау және сақтау шарттары
Радиоқабылдағыш қапталған күйде атмосфералық
жауын-шашын, күн сәулесі мен механикалық зақымдардың
тікелей әсерінен қорғай отырып, минус 25ºСен плюс 35ºС-ге
дейінгі температурада кез келген түрдегі жабық тасымалдау
құралдарында тасымалдана алады.

Содержание

Скачать