Polaris PMG 2027L Инструкция по эксплуатации онлайн [15/30] 139070

Polaris PMG 2027L Инструкция по эксплуатации онлайн [15/30] 139070
15
Пышақтан (9) соң бұрандаға (8) қажетті
өлшемді (10), (11) торды кигізу қажет (5
сурет). Камерадағы шығыңқы жерлер
тордағы саңылауларға сәйкес келетіндігіне
көз жеткізіңіз.
Алынбалы жұмыс блогын (2) өнімдерді
жүктеуге арналған ауызға (7) алынбалы
ыдысты (1) орнатыңыз және бекітіңіз.
Сақиналы гайканы (12) орнатыңыз және
бұраңыз, бұрағанда қатты тартудың
қажеті жоқ (6 сурет).
Еттартқышты тегіс, берік, таза қабатқа
орналастырыңыз.
2. Кесуді қажет ететін етті дайындаңыз. Етті сүйектен, сіңірден, қатты шеміршектен
тазартыңыз. Еттің жұмыс блогының аузына (7) оңай түрде өтуі үшін оны кішкене
бөліктерге (шамамен 2х2 см) кесіңіз.
Назар аударыңыз!
Мұздатылған етті толығымен мұздан еріту қажет
3. Ет бөліктерін ыдысқа (2) салыңыз.
4. Еттартқыштың астына тартылған етке арналған ыдысты қойыңыз.
5. Ерттартқышты электр желісіне жалғастырып, оның ауыстырып қосқышын (5) «ON»
Сөндіру») қалпына орнатып, қосыңыз.
6. Етті бірте-бірте итеру арқылы етті еттартқыштан өткізіңіз. Кейбір тағамдарды әзірлеу
үшін етті бірнеше рет тарту қажет.
7. Етті итеру үшін тек итеру құрылғысын (1) пайдаланыңыз (7 сурет).
Назар аударыңыз!
Етті қолмен немесе өзге де заттармен итеруге тыйым салынады.
8. Жанжабіл және қатты талшығы бар өзге де өнімдерді құралдан өткізуге болмайды. Бұл
өнімдер еттартқыштың ішінде ұнтақталмайды. Кепкен жемістер мен тамыр сабақтарын
алдын алу суға жібіту қажет.
Жұмыс барысында құралдың корпусындағы ауа тазартқыш саңылауларын
жаппаңыз және құралды жұмсақ қабатқа орналастыруға тыйым салынады,
бұл мотордың қызып кетуіне алып келуі мүмкін.
9. Құрал жұмыс жасауды аяқтағаннан кейін оның ауыстырып-қосқышын (5) «OFF»
Сөндіру») қалпына орнатып, сөндіріңіз және электр
желісінен ажыратыңыз.
Назар аударыңыз!
Құралдың үздіксіз жұмыс жасау уақыты 3 минуттан аспауы
қажет. Әрбір 3 минуттан кейін электр қозғалтқышының
сууы үшін 10 минут үзіліс жасау қажет.
Назар аударыңыз!
Егер еттартқыш жұмыс жасамаса, оның желіге дұрыс
қосылғандығын тексеріңіз.
Егер еттартқыштың ішінде ет тұрып қалса
1. Егер жұмыс барысында құралдың ішінде ет тұрып қалса,
оны тез арада сөндіріңіз, электр желісінен ажыратпай
«REV» («Реверс»)» батырмасына басу арқылы өнімді кері
шығару функциясын қосыңыз.
Назар аударыңыз!
керу шығару функциясын қоспас бұрын мотордың толық тоқтауын күтіңіз.
Құралдың жұмысы барысында РЕВЕРС функциясын қосу қатты шудың шығуына,
дірілдің пайда болуына және құралдың ішінде электрлік ұшқындардың орын
алуына алып келуі мүмкін.