Texet T-59 Titanium Инструкция по эксплуатации онлайн [70/74] 149188

Texet T-59 Titanium Инструкция по эксплуатации онлайн [70/74] 149188
69
•Ақаулы зарядтау құрылғылары мен АКБ қолдануға тыйым
салынады.
•АКБ және ЕСҚ ашуға, түрлендіруге немесе қыздыруға,
сонымен қатар олардың түйіспелерінде қысқа тұйықталу
шақыруға тыйым салынады.
•ЕСҚ немесе USB-кабельді кесуге, зақымдауға, қосуға,
түрлендіруге, сонымен қатар оларды қысуға немесе оларға
ауыр заттар қоюға болмайды. Осындай кез келген әрекеттер
қысқа тұйықталу тудырып, өрт шығаруы немесе электр тоғының
соғуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
Алғаш пайдаланар алдында аккумуляторлық
батареяны толық зарядтаңыз. Аккумуляторлық батарея толық
зарядталғанда зарядтау автоматы түрде тоқтайды.
ҚОРЕКТЕНДІРУДІ ҚОСУ ЖӘНЕ ӨШІРУ
Плеер қоректендіруді қосу үшін қоректендіруді қосу/
өшіру ауыстырып-қосқышын «ON» күйіне ауыстырыңыз, плеер
қосылғанша түймешігін басып, бірнеше секунд ұстап тұрыңыз.
Плеер қоректендіруін өшіру үшін түймешігін басып,
ұстап тұрыңыз, плеер өшеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
ЕШБІР ЖАҒДАЙДА плеер қоректендіруін өшіру үшін «ON/
OFF» ауыстырып-қосқышын пайдаланыңыз, өйткені бұл барлық
белгіленген теңшелімдерді алып тастауға әкеліп соқтырады.
ПАЙДАЛАНУДЫ БАСТАУ
/ түймешіктері мәзір тармақтарын таңдауға қызмет
етеді: «Музыка», «Бейне», «Радио», «Фото», «Жазба», «Мәтін»,
«Файлдар», «Ойын», «Опциялар».
Мәзірдің тиісті тарауына кіру үшін М түймешігін басыңыз.

Содержание