Polaris pir 2263 Инструкция по эксплуатации онлайн [25/29] 161884

Polaris pir 2263 Инструкция по эксплуатации онлайн [25/29] 161884
25
Су резервуарын толтыру
Резервуарды толтырмас бұрын, үтіктің желіден ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Бу шығаруды реттегішті (3) «0» белгісіне қойып, бу шығаруды сөндіріңіз .
Суға арналған резервуардың қақпағын көтеріңіз.
Өлшейтін тостақты пайдаланып, таза құбыр суын немесе қайнатылған суды суға
арналған резервуарға “max” белгісіне дейін баяулап құйыңыз.
Үтік табанының жарамдылық мерзімін артыру үшін дистилденген судың екі бөлігін
және құбыр суының бір бөлігінен тұратын, қоспаны пайдалануға кеңес береміз.
Anti-calc қақ түзілудің алдын алу жүйесі
Үтіктің бұл үлгісі қақтан қорғау сүзгісімен жабдықталған. Ол қатаң суды жұмсартады және
тұнбалар мен қақ түзілуіне жол бермейді.
Таза түріндегі дистилденген немесе минералдан тазартылған суды пайдалануға болмайды,
оны таза құбыр суымен араластырыңыз.
Суды жұмсартуға арналған химиялық құралдарды және қаққа қарсы құралдарды
пайдаланбаңыз. Олар құралды сындыруы мүмкін.
Қыртысты жазу режімі
Үтікті жазық қабатқа қойыңыз.
Бу шығаруды реттегішті (3) « белгісіне қойып, осы нұсқауға сәйкес резервуарды
сумен толтырыңыз.
Құралды қоректендіру көзіне қосып, температураны реттегішті (6) ***(Жоғары) «мах»
белгісіне қойыңыз. Қызу индикаторының жанып тұрған лампасы (8) үтіктің қызып жатқанын
көрсетеді. Үтік орнатылған температураға жеткенде, қызу индикаторы сөнеді.
«Қыртысты жазу» функциясы қызудың тек қана максималды температураларында ғана
жүзеге асырылады. Кері жағдайда ыстық судың шашырауы ықтимал.
Үтіктеуді аяқтағаннан кейін бу шығаруды реттегішті (3) «0» белгісіне қойып, құралды
қоректендіру көзінен суырып алыңыз.
Үтікті алып қоярдан бұрын, табанын бөлме температурасына дейін суытыңыз.
Anti-drip тамшыға қарсы жүйесі
Үтік төменгі температурада үтіктеген кезде судың тамып тұруына қарсы арнайы қорғаныс
жүйесімен жабдықталған. Енді сіз бүлдіріп алам деп қорықпастан, ең нәзік маталарды да үтіктей
аласыз. Бу түзілуге қажеттіден төменгі температурада, жүйе автоматты түрде жұмыс істей
бастайды, және судың бірде бір тамшысы Сіздің киіміңізде дақ қалырмайды.
Құрғақтай үтіктеу
Құралды қоректендіру көзіне қосыңыз, маталардың түріне қарай, үтіктеудің қажетті
температурасын орнатыңыз (кестені қара).
Қызу индикаторы сөнген кезде бұл үтіктің қызғанын, қажетті , температураға жеткенін
және құрғақтай үтіктеуге дайын екенін көрсетеді.
Дымқылдау қажет болса, суды бүрку құрылғысының тетігін (5) басыңыз.
Бүрку құрылғысы арқылы шашырайтын (1) су бұйымды бертігіс етіп дымқылдайды.
Үтіктеуді аяқтағаннан кейін үтікті желіден ажыратыңыз.

Похожие устройства

Скачать