Polaris pir 2466k Инструкция по эксплуатации онлайн [24/28] 161937

Polaris pir 2466k Инструкция по эксплуатации онлайн [24/28] 161937
24
Үтіктің керамикалық табаны
Бұл үлгідегі үтік табанының керамикалық жабыны бар, бұл тамаша сырғуын және матаның
түріне және үтіктеу температурасына қарамастан, матаны қорғауын қамтамасыз етеді.
Су резервуарын толтыру
Резервуарды толтырмас бұрын, үтіктің желіден ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Бу шығаруды реттегішті (5) белгісіне орнатып, бу шығаруды сөндіріңіз.
Суға арналған резервуардың қақпағын көтеріңіз.
Өлшейтін тостақты пайдаланып, таза құбыр суын немесе қайнатылған суды суға арналған
резервуарға “max” белгісімен көрсетілген максималды деңгейге дейін құйыңыз.
Қыртысты жазу режимі
Үтікті жазық қабатқа қойыңыз.
Бу шығаруды реттегішті (5) белгісіне орнатып, осы нұсқауға сәйкес резервуарды
сумен толтырыңыз.
Құралды қоректендіру көзіне қосып, температураны реттегішті (9) ***(Жоғары)
белгісіне қойыңыз. Қызу индикаторының жанып тұрған шамы (6) үтіктің қызып жатқанын
көрсетеді. Үтік орнатылған температураға жеткенде, қызу индикаторы сөнеді.
«Қыртысты жазу» функциясы қызудың тек қана максималды температураларында ғана
жүзеге асырылады. Кері жағдайда ыстық судың шашырауы ықтимал.
Үтіктеуді аяқтағаннан кейін бу шығаруды реттегішті (5) белгісіне қойып, ,
құралды қоректендіру көзінен суырып алыңыз.
Үтікті алып қоярдан бұрын, табанын бөлме температурасына дейін суытыңыз.
Тамшыға қарсы жүйе
Үтік төменгі температурада үтіктеген кезде судың тамып тұруына
қарсы арнайы қорғаныс жүйесімен жабдықталған. Енді сіз бүлдіріп
алам деп қорықпастан, ең нәзік маталарды да үтіктей аласыз. Бу
түзілуге қажеттіден төменгі температурада, жүйе автоматты түрде
жұмыс істей бастайды, және судың бірде бір тамшысы Сіздің
киіміңізде дақ қалырмайды.
Құрғақтай үтіктеу
Құралды қоректендіру көзіне қосыңыз, маталардың түріне қарай, үтіктеудің қажетті
температурасын орнатыңыз (кестені қара).
Қызу индикаторы сөнген кезде бұл үтіктің қызғанын, қажетті , температураға жеткенін
және құрғақтай үтіктеуге дайын екенін көрсетеді.
Дымқылдау қажет болса, суды бүрку құрылғысының тетігін (4) басыңыз.
Бүрку құрылғысы арқылы шашырайтын (1) су бұйымды бертігіс етіп дымқылдайды.
Үтіктеуді аяқтағаннан кейін үтікті желіден ажыратыңыз.
Назар аударыңыз! Жоғарғы температуралық режимнен төменгі режимге өту үшін,
температура реттегіштің (10), көмегімен температураны орнатыңыз, және бұйымды
бүлдіруге жол бермес үшін, қажетті үтіктің табаны суығанша күте тұрыңыз. Қызу
индикаторы (6) тұрақты жанып тұрғанда үтіктеуді жалғастыруыңызға болады.
Скачать