Scarlett sc-hc63c51r Инструкция по эксплуатации онлайн [25/28] 164184

Scarlett sc-hc63c51r Инструкция по эксплуатации онлайн [25/28] 164184
IM011
www.scarlett.ru SC-HC63C51
25
Жайдан тыс қолданылмайды.
Жабдықты тазалаудың алдында немесе Сіз оны қолданбасаңыз электр жүйесінен әрқашан сөндіріп
тастаңыз.
Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны электр жүйесінен дереу сөндіріп
тастаңыз және сервис орталығына тексертіңіз.
Құрылғыны былаулы бөлмелері мен су жанында пайдаланбаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны
қолдануына болмайды.
Құралмен ойнауға балаларға рұқсат бермеңіз.
Қараусыз қосылған құралды қалдырмаңыздар.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.
Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Мәшіңкені жуынғышқа және т.б. құлап түсуі мүмкін орындарға қоймаңыз және сақтамаңыз.
Қоректену бауынан тартпаңыз, оны ширатпаңыз және құрылғының тұлғасын айнала орамаңыз.
Бұйымның тұлғасындағы тесіктерге бөтен заттардың және кез келген сұйықтықтардың кіруіне жол
бермеңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ешқайда қоймаңыз, өйткені бұл зақым тигізуі немесе заттық залал келтіруі
мүмкін.
Тарақтарының немесе үшкірлерінің біреуі бүлінген мәшіңкені пайдаланбаңыз бұл зақымдалуға әкелуі
мүмкін.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
НАЗАР: АЛМАСТАРЫ ҰДАЙЫ МАЙЛАҢЫЗ.
Тері бөріткенде мәшіңкені пайдаланбаңыз.
Жәндіктерді мәшіңкемен қырықпаңыз.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Бірінші рет тоққа қосар алдында аккумуляторды толық разрядтау және зарядтау қажет.
Алғашқы зарядтау уақыты шамамен 8 сағатты құрайды. Әрбір келесі зарядтау уақыты – 8 сағат.
Аккумулятордың толық заряды 45 минут жұмыс істеуге жетеді.
Батареяның қызмет мерзімі шамамен 1 жылды құрайды және машинканың қаншалықты қарқынды
пайдаланылғанына байланысты болады. Тіпті егер машинка пайдаланылмаса да, батареяны кем дегенде
6 айда 1 рет қайта зарядтаңыз.
ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Шашты құрғақ күйде қырыққан дұрыс.
Шашты қырқар алдында жақсылап тарап алыңыз.
Шашты аз-аздан біртіндеп алып отырыңыз.
Шаш біркелкі қырқылуы үшін машинка шашты қырқып үлгермей жатып оны жылдам жүргізбеңіз. Шашты
қырқу кезінде қырқылған шашты тарақпен жиірек тарап түсіріп отырыңыз.
Машинканың көмегімен шаш қырқу тәсілдері 1-суретте көрсетілген.
Аккумуляторды зарядтау үшін машинканы өшіріңіз, бұл үшін ажыратқышты «OFF» қалпына қойыңыз да,
машинканы электр желісіне қорек сымы арқылы қосыңыз. Сол кезде жарық индикаторы жанады.
Аспапты тек адаптерден ғана емес, қорек тұғырынан да зарядтауға болады. Ол үшін машинканы тұғырға
қойыңыз да, электр желісіне қосыңыз.
Аккумуляторды зарядтап болғаннан кейін машинканы желіден ағытыңыз немесе тұғырынан алыңыз.
Машинка жұмысқа дайын.
ЖҰМЫСЫ
Машинканы зарядталған аккумулятордан да, сондай-ақ электр желісінен де пайдалануға болады.
Алмалы тарақтардың (3, 6, 9 немесе 12 мм) алыңыз да, бағыттауыштарды тиісті ойықтарға кіргізіп, сырт
етіп түскенше ақырын жылжытыңыз.
Скачать