Philips hr 1869/01 Инструкция по эксплуатации онлайн [4/13] 185798

Philips hr 1869/01 Инструкция по эксплуатации онлайн [4/13] 185798
- Құрылғыны бөлшектеу алдында және тазалау
алдында басқару тұтқасын өшірулі күйге орнатыңыз
және ашаны розеткадан суырыңыз. Содан
кейін құлыптау тұтқасын құлып ашылған күйге
төмендетіңіз.
- Бекіту тетігін тек құрал өшіріліп, сүзгі айналуы
тоқтағаннан кейін ғана ашық күйге қоюға болады.
- HR1870, HR1874, HR1878: цитрус сығатын
аспапты тоқтаусыз 10 минуттан артық пайдалануға
болмайды.
- HR1870, HR1874, HR1878: ешқашан цитрус сығатын
аспапты байланыстыру бөлігін суға батырмаңыз
немесе құбыр суымен шаймаңыз.
- HR1870, HR1874, HR1878: ешқашан цитрус
сығатын аспапты байланыстыру бөлігін ыдыс жуу
машинасында тазаламаңыз.
- Қолданып болған соң құралды міндетті түрде
розеткадан ажыратыңыз.
- Шу деңгейі: Lc = 78 дБ (А).
Қауіпсіздік мүмкіндігі
Бұл құрылғының тым көп азық салынғанда қызып кетуден сақтайтын қауіпсіздік
мүмкіндігі бар. Қызып кетсе, шырын сыққышта автоматты түрде артық
жүктемеден қорғау мүмкіндігі іске қосылып, өзі өшеді. Мұндай жағдайда, басқару
тұтқасын 0 күйіне қойып, құрылғыны розеткадан ажыратыңыз да, 15 минут
суытыңыз. Шырын құмырасын шығарып, қақпақты, шырын жинағышты және ұлпа
ыдысын алып тастаңыз да, қозғалтқыштың төменгі жағындағы артық жүктемеден
қорғау түймесін басыңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы
стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Алғаш қолданар алдында
Құралды алғаш қолданар алдында, азыққа тиетін бөлшектерді жақсылап тазалаңыз
(«Тазалау және сақтау» тарауын қараңыз).
Кеңестер
- Пайдалану алдында әрқашан сүзгіні тексеріңіз. Кез келген сынықтарды немесе
зақымды анықтасаңыз, құрылғыны пайдаланбаңыз.
- Құлыптау тұтқасы орнында құлыпталғанын тексеріңіз.
- Шырынды ұзағырақ балғын етіп сақтау үшін шырынды сыққаннан кейін
шырын құмырасын қақпақпен жабыңыз.
Құрылғыны пайдалану
Шырын сыққыш
Шырын сыққышты жеміс пен көкөніс шырынын жасау үшін пайдалануға болады.
Кеңестер
- Шырын сыққышты толтырып жүктегенде, бір уақытта 40 секундтан артық
қоспаңыз және одан кейін оны жеткілікті салқындатыңыз.
- Бақылау тұтқасын 1-параметрге (төменгі жылдамдық) немесе 2-параметрге
(әдеттегі жылдамдық) бұраңыз.
- 1 жылдамдық қарбыз, жүзім, қызанақ, қияр және құлпынай секілді жұмсақ жеміс
жидектер мен көкөністерге арналған.
- 2 жылдамдық алма, сәбіз,және қызылша тәріздес жеміс жидек пен
көкөністерге қолайлы.
Ескертпелер
- Итергішке қатты салмақ түсірмеңіз, себебі ол шырынның сапасына әсер етіп,
сүзгіні бітеп тастауы да мүмкін.
- Азық салатын түтікке ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды
салмаңыз.
- Ұлпа ыдысы пайдалану кезінде толса, құрылғыны өшіріңіз, қақпақты және
шырын жинағышты ажыратыңыз. Содан кейін ұлпа ыдысын жайлап алып,
босатыңыз.
- Барлық ингредиенттерді өңдеп болғаннан соң, және шырын ағыны
тоқтағанда, шырынды ыдыстан стаканға құйыңыз.
Ұлпа жиналатын ыдысты босатыңыз
Ескертпе. Ұлпа ыдысы ең жоғары сыйымдылығына жетті, ұлпа шырын
жинағышта, қақпақты және шырында болады.
Шырын ыдысы артық толса, құрылғы блокталуы мүмкін. Бұл орын алса, құрылғыны
өшіріңіз және ұлпа ыдысынан ұлпаны алыңыз. Құрылғыны 15 минут бойы
суытыңыз және қозғалтқыштың төменгі жағындағы артық жүктемеден қорғау
түймесін басып (?) ысырыңыз.
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Қозғалтқышты немесе цитрус сығатын аспапты
байланыстыру бөлігін суға немесе басқа сұйықтыққа
ешқашан батырмаңыз, не болмаса құбыр суымен
шаймаңыз.
- Қозғалтқышты немесе цитрус сығатын аспапты
байланыстыру бөлігін ыдыс жуу машинасында
жумаңыз.
Абайлаңыз!
- Құрылғыны қосар алдында, оның негізінде
көрсетілген кернеу жергілікті кернеу мөлшеріне
сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Егер ток сымы, штепсельдік ұшы немесе
басқа бөлшектері зақымдалған болса, құралды
қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын
алмауы үшін, оны тек Philips компаниясында,
Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе
білікті мамандар ауыстыруы керек.
- Құралды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар
беріліп, басқа біреу қадағалаған және құралды
пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген
жағдайда, осы құралды физикалық, сезу немесе
ойлау қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз
адамдар пайдалана алады.
- Бұл құралды балалардың пайдалануына болмайды.
Құралды және сымды балалар жетпейтін жерде
сақтаңыз.
- Балалар құралмен ойнамауы керек.
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
- Қараусыз қалдырсаңыз немесе жинау, бөлшектеу
немесе тазалау алдында әрқашан құрылғыны
желіден ажыратыңыз.
- Сүзгіде сызаттар немесе басқа зақым байқалса,
құралды әрі қарай қолдануға болмайды. Жақын
жердегі Philips қызмет орталығымен байланысыңыз.
- Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, еш уақытта азық
салатын түтікке саусақтарыңызды немесе басқа
затты салмаңыз. Ол үшін тек итергішті қолданыңыз.
- Сүзгінің негізінде орналасқан кесетін кішкене
пышақтарға қолыңызды тигізбеңіз. Олар өте өткір.
- Құралды құрғақ, тұрақты және тегіс бетке қойып
пайдаланыңыз.
- Құрал берік орнатылу үшін, құрал тұратын бет және
құралдың асты таза болуы керек.
Ескерту
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
- Көтергенде, құрылғыны бекіту тетігінен ұстамаңыз.
- Philips арнайы ұсынбаған немесе Philips
компаниясынан басқа өндірушілер шығарған
қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға
болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі өз
күшін жояды.
- Құралды қоспас бұрын, барлық бөлшектердің дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз.
- Құралды бекіту тетігі бекітулі тұрғанда ғана
пайдалану керек.

Похожие устройства

Скачать