Polaris PVCR 0826 — құралды пайдалану және дайындау бойынша нұсқаулық [40/50]

Polaris PVCR 0826 Руководство по эксплуатации онлайн [40/50] 193398
- 40 -
ҚҰРАЛДЫ ОРАМА ҚОРАБЫНАН ШЫҒАРЫП АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН
ДАЙЫНДАУ
Орама қорабын ашыңыз, құралды абайлықпен шығарыңыз, оның орайтын барлық
материалдарды ішінен және сыртынан алып тастаңыз.
Құралдың сыртқы корпусынан барлық жарнамаға қатысты жапсырмаларды алыңыз.
Құралдың жеткізу жиынтығына кіретін барлық бөлшектерін тексеріңіз Құралдың
жиынтығы» бөлімін қараңыз).
Барлық аксессуарларды және зарядтайтын құрылғыны шығарып алыңыз.
Құралмен жеткізілетін барлық бұйымдардың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Бүйір жақ қылшақтарды орнатыңыз. Ол үшін шаңсорғышты төменгі тақтасымен жоғары, ал
бүйір жақ қылшақтарды (екі дана) алты қырлы саңылаулармен төмен қаратыңыз. Бүйір жақ
қылшақтардың бекіту бұрандаларын крест тәрізді оймакілтекті бұрауыштың (құралдың
жиынтығына кірмейді) көмегімен қылшақ білігінен бұрап шығарыңыз, Әрбір қылшақты өз
білігіне кигізіңіз де («ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ» 5 бөлімде келтірілген суретке сәйкес
L жазуы бар қылшақты сол жақ білікке, R жазуы бар қылшақты оң жақ білікке кигізіңіз),
бұрандаларды сәл ғана күш сала бұраңыз.
Құралды алғашқы рет пайдаланбас бұрын аккумуляторды зарядтау қажет. «АКБ-ны
ЗАРЯДТАУ» бөлімін қараңыз.
ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
1. Құралдың артқы жағындағы бөлікке 13,14,15 сүзгіштерді орната шаң жинауға арналған
контейнерді 16 («Құралдың сипаттамасы» 5 бөлімді қараңыз) немесе ылғалды тазалау жүргізуге
арналған контейнерді 17 орнатыңыз, ол үшін алдын ала оны жоғарғы белгіге дейін сумен толтыру
қажет, тазалауға арналған матаны 19 кіріктіруге ұмытпаңыз.

Содержание

Құралды орама қорабынан шығарып алу және оны пайдалану үшін қажетті қадамдарды қарастырыңыз. Нұсқаулықта қауіпсіздік және тиімділік үшін маңызды ақпарат бар.

Скачать