Polaris PHB 0730 Руководство по эксплуатации онлайн [21/28] 193555

Polaris PHB 0730 Руководство по эксплуатации онлайн [21/28] 193555
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда оны бірден желіден ажыратыңыз. Осы кезде
қолыңызды суға салмаңыз. Қайта қолданар алдында құралды білікті маман тексеруі
керек.
Пайдаланып болған соң, қондырмаларды орнату немесе алу кезінде, құралды
тазалағанда немесе сынған кезде оны үнемі желіден ажыратыңыз.
Іске қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз. Құралды балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Құралды желілік сымынан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан
ұстап құралды желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажырату
кезінде штепсель ашадан ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра
орау
ға болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Қашанда сақтау үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана
ауыстыра алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны
қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін құрылғыны басқа да тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастамай, жоятын ресми орынға өткізіңіз.
Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз.
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Құралмен жұмыс жасау барысында оны қараусыз қалдырмаңыз.
Керек-жарақтарын немесе қондырмаларды ауыстырар алдында құралды желіден
ажыратыңыз.
Қондырмалардың барлығының мұқият жуылып, кептірілгенін ұдайы қадағалаңыз.
Жарақат алмас үшін, саусақтарды, шашыңызды, киімді блендердің қозғалатын
бөлшектерінен қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз.
Ақауы бар құралды немесе оның қондырмаларын ешқашан пайдаланбаңыз.
Құралдың пышағын алу, орнату және тазарту барысында абай болыңыз.
Пышақтар толығымен тоқтағанша құралдың қақпағын ешқашан ашпаңыз және
қондырмаларды ажыратпаңыз.
Құралды 50°С температурадан жоғары ыстық, сонымен қатар қатты және
мұздатылған азық-түліктерді өндеу үшін пайдалануға болмайды.
Бұл құрал ұзақ уақыттай жұмыс істеуге арналмаған, сондықтан, жұмыстың әрбір 30
сек. кейін 5 минутқа үзіліс жасаңыз.
21
Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Как смолоть ягоды?
2 года назад