Gorenje ftg80sm Инструкция по эксплуатации онлайн [4/52] 193647

Gorenje ftg80sm Инструкция по эксплуатации онлайн [4/52] 193647
СУ ҚҰБЫРЫНА ҚОСЫЛУ
Суды жеткізу және бұру құбырлары әртүрлі түспен көрсетілген. Көк – суық су, қызыл – ыстық су.
Жылытқышты су құбырына екі тәсілмен қосуға болады. Қосудың қысымды (жабық) жүйесі бірнеше
жерден судың тартылуын қамтамасыз етеді, ал қысымсыз (ашық) жүйесі – тек бір ғана жерден судың
тартылуын қамтамасыз етеді. Қосудың таңдалған жүйесіне қатысты тиісті қоспалауыш батареяларын
орнату қажет.
Қысымды (жабық) қосу жүйесінде (3.сурет) суды тарту орындарына қысым теңестіргіші бар қоспалауыш
қолдану қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сужылытқыш жұмыс істеп тұрған уақытта
су жіберу құбырына, нақты қысыммен салыстырғанда қысымның 0,1 МПа (1 бар) жоғарыға артуын
ескертіп тұратын сақтандырғыш клапанын немесе қауіпсіздік тобын орнату қажет. Сақтандырғыш
клапанындағы шығару саңылауы ауа кіріп тұруы үшін үнемі ашық болуы тиіс. Жылыту барысында
бактағы су қысымы сақтандырғыш клапанында белгіленген қысым шегіне дейін ғана көтеріледі. Су
құбырына судың кері төгілуі қарастырылмағандықтан, сақтандырғыш клапанының шығару саңылауынан
су тамшылауы мүмкін. Бұл суды су төгілетін тесікке, сақтандырғыш клапанының астына орнатылуы қажет
сифон арқылы төгуге болады. Сақтандырғыш клапанының астына орнатылатын су төгу шлангісі тік және
төменге қарай бағытталуы тиіс және оның қатып қалмауына жол ьерілмеуі тиіс.
Судың тамшылауын болдыртпау үшін, су жіберу құбырына сужылытқыш бакының көлемінің 5%-нан кем
болмайтын көлемдегі кеңейту багын орнату қажет.
Сақтандырғыш клапанының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, қақтардан тазартуды және
сақтандырғыш клапанның бұғатталып қалмағандығын бақылауды қамтитын мерзімді тексерулерді
жүзеге асыру қажет. Тексеру барысында тұтқа күйін ауыстыру немесе сақтандырғыш клапанның
сомындарын шешіп алу арқылы (клапан типіне қарай) оны ашу қажет. Мұнымен бірге сақтандырғыш
клапанындағы шығару саңылауынан су шығуы қажет, бұл оның дұрыс жұмыс істеп тұрғандығының белгісі
болады.
Қысымсыз (ашық) қосу жүйесінде (4.сурет) сужылытқыштың су жіберіліп тұратын орнына жүйеде
су болмай қалған жағдайда, бактағы судың ағып кетуінің алдын-алатын кері клапан орнату қажет.
Мұндай қосу жүйесі барысында тек қана ағынды қоспалауыштарды монтаждауға жол беріледі. Жылыту
барысында сужылытқыштағы су көлемі артады, мұнымен қатар су қоспалауыш құбырынан тамшылап
тұруы мүмкін. Судың тамшылауын болдыртпау үшін, қоспалауыштағы кранды қатты бұраудың қажеті жоқ,
себебі бұл әрекет тек қоспалауыштың зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін.
479574
4
KK
Скачать