Scarlett SC-AH986M10 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/12] 206487

Scarlett SC-AH986M10 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/12] 206487
IM015
www.scarlett.ru SC-AH986M10
12
ХОШ ИІС ФУНКЦИЯСЫ
Ылғалдағыштың құрылмасы хош иіс капсулаларын пайдаланбастан, хош иісті майларды суға
тікелей қосуға мүмкіндік береді.
Майдың булары судың буымен бірге бөлініп шығады да, сіздің бөлмеңізді өзіңіз таңдаған хош иіске
толтырады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Аспапты тазалардан бұрын оны электр желісінен әрдайым ажыратыңыз.
СУ ҚҰЯТЫН САУЫТТЫ ТАЗАЛАУ (ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ӘР ЕКІ-ҮШ АПТА САЙЫН)
Сауыттан судың қалдығын төгіп тастаңыз.
Сауытты жылы сумен (40ºC-тан аспайтын) шайыңыз.
ЕСКЕРТУ: Керамикалық жарғақты тек жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Оған үшкір немесе қатты
заттарды тигізбеңіз.
ЫЛҒАЛДАҒЫШ АСПАПТЫҢ СЫРТҚЫ БЕТІН ТАЗАРТУ
Ылғалдағыштың сыртқы жағын дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Бу бүріккішті аққан суға жуыңыз.
ЕСКЕРТПЕ! Пайдаланып болғаннан кейін жарғақты тазалау үшін модульді нұсқауларға сәйкес
бұрай отырып, оны ағытып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Тазалау үшін химикаттарды, органикалық еріткіштерді немесе жеміргіш сұйықтықтарды,
сондай-ақ түрпілі заттарды қолдануға болмайды.
САҚТАЛУЫ
Сақтауға қояр алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ тарауындағы талаптарды орындаңыз.
Аспапты жуып, жақсылап кептіріңіз; қорабына салыңыз да, құрғақ жерде сақтаңыз.
АСПАПҚА ТӘН АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ
АҚАУЛЫҚ
СЕБЕБІ
ШЕШІМІ
Жарық индикаторы
жанбайды
Аспап желіден
ажыратылған
Ашаны розеткаға сұғыңыз да, аспапты іске
қосыңыз
Жарық индикаторы
жанады, ауа келіп түседі,
бірақ бу түзілмейді
Сауытта су жоқ
Сауытқа су толтырыңыз
Аспап жұмыс істеп тұрған
кезде бөгде иіс шығады
1.Ылғалдағыш бірінші рет
іске қосылған
2.Сауыттағы су кір
1.Суды ауыстырыңыз да, су құятын
сауытты жуыңыз, оны ашыңыз да, кем
дегенде 12 сағат құрғатыңыз.
2.Сауыттағы суды ауыстырыңыз
Жарық индикаторы
жанады, бірақ бу
түзілмейді
Сауыттағы су тым көп
немесе су мүлде жоқ
Шамалы суды төгіп тастаңыз немесе
сауытқа су толтырыңыз
Бу аз түзіледі
Керамикалық жарғақ
кірлеген немесе
сауыттағы су кір
Керамикалық жарғақты сүртіңіз де, суды
ауыстырыңыз
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік
және электрондық бұйымдар мен батарейкалар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге
шығарылмауы керек дегенді білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару
органдарына хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс
шығармау салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің
алдын алуға көмектеседі.

Содержание

Похожие устройства

Скачать