RVi RVi-HDC311VB-C (3.6) Руководство по эксплуатации онлайн [16/21] 218622

RVi RVi-HDC311VB-C (3.6) Руководство по эксплуатации онлайн [16/21] 218622
16
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Бұл символ құрылғының ішінде жоғары кернеудің бар екендігін
білдіреді. Құрылы ішіндегі бұйымдармен жанасу қауіпті болып
табылады.
Бұл символ бұйымға арналған құжаттамада оны қолдану жəне
қамсыздандыру жөніндегі маңызды нұсқаулық бар екендігін
көрсетеді.
1. Өрттің немесе электр тоғына ұшырау жағдайының алдын алу үшін осы
бұйымның жаңбыр астына немесе жоғары ылғалдықты жағдайларға түсуіне жол
бермеңіз.
2. Бұйымды дымқыл, шаңданған немесе ыспен қапталған бөлмелерде
орнатпаңыз. Бұл талаптың орындалмауы өртке немесе электр тоғына ұшырауға
алып келуі мүмкін.
3. Егер сіз күмəнді иіс сезсеңіз немесе бұйымнан шығып жатқан түтінді
анықтасаңыз, пайдалануды тоқтатыңыз. Бұл жағдайда дереу бұйымды қорек
көзінен ажырату керек. Бұйымды мұндай жағдайда пайдалануды жалғасырсаңыз,
бұл өртке немесе электр тоғына ұшырауға алып келуі мүмкін.
4. Бұйымда ақаулық анықталған кезде жақын маңдағы сервистік орталықпен
хабарласыңыз. Осы бұйымды ешқашан бөлшектемеңіз жəне оның құрылымына
өзгерістер енгізбеңіз. (RVi компаниясы бұйым құрылымына өзгерістер енгізу
нəтижесінде немесе бұйымды жөндеу жұмыстарын өздігінен орындау
əрекеттерінің нəтижесінде туындаған мəселелер үшін жауапты болмайды).
5. Бұйымды тазартқан кезде корпустың ішіне сұйықтықтың енуіне жол
бермеңіз. Бұл өртке немесе электр тоғына ұшырауға алып келуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
1. Бұйымға ешқандай заттар құлатпаңыз жəне оның соқпаңыз. Бұйымды қатты
діріл бар немесе магнитті өріс көзіне жақын жерде орнатпаңыз.
2. Бұйымды жоғары (50°С жоғары) немесе төмен (-10°С төмен) температуралы
немесе жоғары ылғалдықты жерлерде орнатпаңыз.
Бұл өртке немесе электр
тоғына ұшырауға алып келуі мүмкін.
3. Егер сіз бұрын орнатылған бұйымды жаңа орынға ауыстырғыңыз келсе,
онда орындау алдында қорек көзін сөндіріңіз.
4. Найзағай кезінде бейнекамераның қоректену блогын айнымалы тоқ
желісінен ажыратыңыз. Бұл талаптың орындалмауы өртке немесе бұйымның
зақымдануына алып келуі мүмкін.
5. Бұйымды оған тура күн сəулелері түспейтіндей жəне жанынжа жылу
шығаратын көздер болмайтындай орнатыңыз. Бұл өртке алып келуі мүмкін.
7. Бұйымды жарқын жарық көздеріне (күн, дəнекерлеу қондырғылар,
прожектор) қарсы орнатпаңыз, себебі бұл бейне құратын жарыққа сезімтал
сенсорының зақымдануына алып келуі мүмкін.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫНЫҢ НҰСҚАУЛАРЫ
Бұйым құрылымы МЕМСТ 12.2.007.0-75 жəне МЕМСТ 12.1.004-91 бойынша
электрлік жəне өрт қауіпсіздігің талаптарын қанағаттандырады.
Орнату жəне
пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары «Тұтынушылардың
электрлік қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерінің» жəне
«Тұтынушылардың электрлік қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
техникасы ережелерінің» талаптарына сəйкес келуі керек.
Скачать