Polaris PTB 0108 Fitness Инструкция по эксплуатации онлайн [16/32] 260491

Polaris PTB 0108 Fitness Инструкция по эксплуатации онлайн [16/32] 260491
16
Назар аударыңыз! Жұмыс аяқталғаннан кейін дайын өнімдерді шығармас бұрын
қозғалтқыштың толық тоқтауын күте тұрыңыз да, содан кейін құралды желіден ажыратыңыз.
Сусынды әзірлеп болған соң құралды сөндіріп, желіден ажыратыңыз.
Блендердің үстіңгі жағынан (Е) орнатылған фитнес бөтелкені (В, С) пышақтары бар
алмалы-салмалы төменгі бөлігімен (D) бірге ажыратып алу қажет, ол үшін оны сағат
тіліне қарсы бағытта бұрап, шешіп алыңыз.
Фитнес бөтелкені кері аударыңыз да, пышақтары бар алмалы-салмалы төменгі бөлігін
сағат тіліне қарсы бағытта бұрап, шешіп алыңыз.
Фитнес бөтелкенің үстіңгі жағына сүйықтықты ішуге арналған қақпақты (А) орнатып,
оны сағат тілінің бағытымен бұраңыз. Қақпақты орнатпас бұрын, оның ішінде
силиконнан жасалған бекіткіш- аралық қабатының бар болғанына көз жеткізіңіз.
5. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Жалпы нұсқаулар:
Құралдың қызмет көрсету мерзімін арттыру үшін құралды пайдаланып болғаннан кейін
әркез тазарту жұмыстарын жүргізу қажет.
Тазарту үдеріс бастамас бұрын құралды сөндіріп, ток көзінен ажыратыңыз.
Құралдың барлық бөліктерін ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға тыйым салынады. Себебі
бұл оның пластмасс бөліктеріне зақым келтіру мүмкін.
Құралдың корпусын, оның жиынтығына кіретін алынбалы құмыра мен қақпақты жуу
үішін абразивті құралдар мен органикалық ерітінділерді пайдалануға ТЫЙЫМ салынады.
Блендердің бөліктерінде тағам қалдықтарының кебуіне жол бермеңіз.
Құралды кеуіп қалған өнімдерден тазарту үшін абразивті емес пластик қылшақты
пайдалануға болады.
Блендердің сыртқы қорпусын тазалау:
Құралдың сыртқы корпусын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

Похожие устройства

Скачать