Smile PM 912 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/32] 263235

Smile PM 912 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/32] 263235
www.smile.su
14
KAZ
Жұмыс барысында аспаптың беті қатты қызады. Өрттің шығуын немесе
күйіп қалуыңызды болдырмау үшін, келесі ережелерді сақтаңыз: аспап
ешқандай заттармен (қабырға, перде және т.б.) жанаспайтындай,
тұтанғыш заттардан аулақ орналастырылуы тиіс.
Аспаптың бетін жаппаңыз.
Күйіп қалуыңызды болдырмау үшін жұмыс барысында, сондай-ақ
аспап суығанша оның бетіне қол тигізбеңіз. Тазалар, тасымалдар
немесе сақтар алдында аспап толық суығанша күтіңіз.
Аспап тегіс, жылу мен ылғалға төзімді жерде орналастырылуы тиіс.
Аспапты қатты қызуы мүмкін жерге (мысалы, ас үйдегі плита немесе
оған жақын жерде) қоймаңыз.
Аспапты жылу және ашық от көздеріне тікелей жақын жерде
қолданбаңыз.
Желілік сым өткір жиектер және ыстық беттермен жанаспауын
қадағалаңыз.
Ешбір жағдайда құймақшаларды қуыру бетінде кеспеңіз! Қуыру бетінің
күйіп кетуге қарсы қабатын тырнамау үшін, қызуға берік пластик немесе
ағаш ас үй жабдықтарын пайдаланыңыз.
Абразивті жуғыш құралдарын, пештерді тазалауға арналған құралдар
мен жұмыс бетінің күйіп кетуге қарсы қабатын зақымдауы мүмкін өзге
заттарды пайдаланбауға кеңес беріледі.
Аспапты желіден ажырату кезінде электр сымын емес, айырын
тартыңыз.
Электр тоғының соғуын болдырмау үшін, аспапты суға немесе өзге
сұйықтықтарға салмаңыз.
Аспапты ыдыс-аяқ жуатын машинаға салмаңыз.
Назар аударыңыз!
Қаптама материалы (үлдір, пенопласт және т.б.) балаларға қауіп төндіруі
мүмкін. Қаптамасын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Содержание

Скачать