Smile PM 912 Инструкция по эксплуатации онлайн [17/32] 263235

Smile PM 912 Инструкция по эксплуатации онлайн [17/32] 263235
Назар аударыңыз!
Пісіруді индикатор сөнгеннен кейін ғана бастауға кеңес беріледі.
Өзіңіздің қалауыңызға сай құймақтарға арналған қамырды алдын ала
дайындаңыз.
Дайындалған қамырдың бір бөлігін қамырға арналған сыйымдылыққа
(4) құйыңыз.
Аспапты тұтқасынан (3) ұстап, пісіру бетін (1) қамыр салынған
сыйымдылыққа батырыңыз.
Қамыр қыздыру бетіне жабысуы үшін 3 секунд бойы күтіңіз.
Аспапты көтеріп, оны көлденең қызуға төзімді бетке орналастырыңыз.
Құймақ қуырылуы үшін 30-60 секунд бойы күтіңіз.
Бұдан кейін құймақты ағаш күрекшенің көмегімен аударыңыз.
Дайын құймақты қыздыру бетінен алыңыз.
Пісіру кезінде құймақ жасағыштағы құймақты құймақтың шеттері
кебірси бастаған кезде бірден аудару керек, әйтпесе құймағыңыз
құрғақ әрі жырылғыш болады.
Құймақтың шеттері кебірсігенімен, құймақ жасағыштағы құймақ піспесе,
аудару кезінде жырылатын болса, бұл қамырдың ұны аз екендігін
білдіреді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін Қосу/Сөндіру ауыстырып-қосқышын (2)
сөндірулі қалпына жылжытыңыз. Айырды розеткадан шығарып, аспап
толық суығанша күтіңіз де, оны сақтау үшін жинап қойыңыз.
Назар аударыңыз!
Құймақтарды қыздыру бетінен (1) алу үшін үшкір немесе кесетін
заттарды пайдаланбаңыз, себебі олар аспаптың күйікке қарсы бетін
зақымдаулары мүмкін.
Назар аударыңыз!
Әрбір пісірер алдында, қыздыру бетіне қажеттілік бойынша аздап май
жағып отырыңыз.
www.smile.su
17
KAZ

Содержание

Скачать