Polaris PWK 1886CA Инструкция по эксплуатации онлайн [31/34] 266911

31
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ уақыт
бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе адамдардың денсаулығына
нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Құрал осы нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Бұл құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият тұрде
оқып шығыңыз.
Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның
ақаулығы анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал жерге, еденге құлаған жағдайда немесе қандай да бір ақау түрі байқалса, құралды
пайдаланбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын оны білікті маманға көрсетіңіз.
Егер Сіз құралдың жұмыс жасау мүмкіндігіне күмән келтірсеңіз, құралды пайдаланбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Егер Сіз құралды
пайдаланбасаңыз, онда оны әркез сөндіріңіз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен
толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен
құралды ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, оны бірден ток көзінен ажыратыңыз.
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде қолды
суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман
тексеріп шығуы керек.
Құралды тек қана ауыспалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде
қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосыңыз. Сіздің қауіпсіздігіңізді
қамтамасыз ету үшін жерге тұйықталу бекітілген электр техникалық нормаларға сәйкес
келуі тиіс. Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға
болмайды.
Құралды ток көзіне қоспас бұрын, оның ауыстырып қосатын тетігі өшірілу күйінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралдың сүйiр бұрыштарға
соғылуынан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса
оны әрдайым ток көзінен ажыратыңыз.
Құралды оның электрлік баусымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, электр
желілік сымнан ұстап желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды ток көзінен
ажыратқанда штепсельді ашасынан ұстаңыз.
Құралды ұзақ уақыт пайдаланбаған жағдайда, құралды балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз, құрал құрғақ әрі таза бөлмежайда заут қорабында сақталуы тиіс.
Құрал мен оның электрлік баусымы жоғары температураның әсеріне, тікелей күн көзіне
және ылғалға ұшырамайтындай етіп сақталуы керек.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға
болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау
үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Электрлік баусымын тек қана білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкері
ғана ауыстыра алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны
қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Құралдың жиынтығына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті
қызмет көрсету құқығынан айырады.

Содержание

Скачать