Polaris PTB 0207 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/29] 266917

Polaris PTB 0207 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/29] 266917
15
Араластыру үдерісі барысында тағам өнімдерін қосу үшін қақпақтан (2) өлшеуіш стақан-
бітеуішті (1) шығарыңыз, ол үшін оны сағат тіліне қарсы бағытта бұрау қажет. Тағам
өнімдерін аз мөлшерде бірте-бірте салуға кеңес беріледі.
Назар аударыңыз! Тағам өнімдерін қосу барысында құралды әркез сөндіру қажет!
Назар аударыңыз! Құралдың үздіксіз жұмыс жасау уақытысы 3 минуттан аспау қажет.
Құралды бірнеше минут уақыт өткен соң ғана қайта қосуға болады. Құралды 3 мәрте
қосқаннан кейін оны 15-20 минутқа қалдырыңыз, сууын күтіңіз.
Назар аударыңыз! Жұмыс аяқталғаннан соң өнімдерді шығармас бұрын құралды желіден
ажыратыңыз, қозғалтқыштың толық тоқтауын күтіңіз.
5.ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Жалпы нұсқаулар:
Құралдың қызмет көрсету мерзімін арттыру үшін құралды пайдаланып болғаннан кейін
әркез тазарту жұмыстарын жүргізу қажет.
Тазарту үдерісіне дейін құралды сөндіріңіз.
Құралдың барлық бөліктерін ыдыс жуғыш машинасында жууға тыйым салынады. Оның
пластмасс бөліктеріне зақым келуі мүмкін.
Құралдың корпусын, жинаққа кіретін алынбалы құмыра мен қақпақты жуу үішін
абразивті құралдар мен органикалық ерітінділерді пайдалануға ТЫЙЫМ салынады.
Блендердің бөліктерінде тағам қалдықтарының кебуіне жол бермеңіз.
Құралды кеуіп қалған өнімдерден тазарту үшін абразивті емес пластик қылшақты
пайдалануға болады.
Блендердің қорпусын тазалау:
Құралдың корпусын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Құралды суға салмаңыз және ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
Блендердің құмырасын тазалау
Назар аударыңыз! Тазарту үшін құмыраны толықтай суға батыруға тыйым салынады.
Құманды блендердің корпусынан сағат тіліне қарсы бұрау әрекетін орындау арқылы
шешіңіз.
Блендер құмырасының ішкі бөлігін жылы сабынды суда жуыңыз да, шайыңыз.
Құмыраның сыртқы бөлігін жұмсақ матамен сүртуге кеңес беріледі.
Назар аударыңыз! Құманның төменгі бөлігін ағын судың астында жууға немесе суға
батырып салуға тыйым салынады.
Құмыра қақпағын тазалау.
Құмыраның қақпағы мен өлшеуіш стақан-бітеуішті жылы сабынды суда жуыңыз да,
шайыңыз.

Содержание