Samsung RL-57TTE5K Инструкция по эксплуатации онлайн [104/124] 30469

Samsung RL-57TTE5K Инструкция по эксплуатации онлайн [104/124] 30469
2_ Қауіпсіздік туралы ақпарат
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық
регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің
қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын және
жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық-
түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ
сандық код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама
материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Құрылғыны іске қоспас бұрын осы нұсқаулықпен
танысып, болашақта анықтамалық мәлімет алу
үшін сақтап қойыңыз.
Бұл құрылғыны осы нұсқаулықта сипатталған
мақсатына сай қолданыңыз. Дене, сезім
қабілеттері шектелген және ақыл-есі кем
(балаларды қоса алғанда), сондай-ақ тиісті
тәжірибесі немесе білімі жоқ тұлғалардың
пайдалануына арналмаған; мұндай адамдарға
тиісті түрде бақылау болған кезде немесе алдын
ала олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар
оқытқаннан кейін ғана пайдалануға жол беріледі.
Бұл нұсқаулық бірден бірнеше үлгілерге
қатысты болғандықтан, бұл тоңазытқыштың
кейбір қызметтері төменде сипатталатындардан
ерекшеленуі мүмкін.
Қауіпсіздіктің ескерту белгілері мен
сақтандыру шаралары:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Дұрыс пайдаланбау ауыр
жарақаттануға немесе өлімге әкеп
соғуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Дұрыс пайдаланбау жарақаттануға
немесе мүліктің бұзылуына әкеп
соғуы мүмкін.
Бұл әрекетті істеуге тыйым
салынған.
Бөлшектеуге БОЛМАЙДЫ.
Ұстауға БОЛМАЙДЫ.
Нұсқаулықты қатаң ұстаныңыз.
Қуат алатын шнурдың айырын
розеткадан суырыңыз.
Электр тогымен зақымданбас үшін
құрылғының жерге қосылғанына
көз жеткізіңіз.
Анықтама алу үшін қызмет
көрсету орталығына жүгініңіз.
Ескерту.
Бұл шартты белгілер мен олардың мағыналары
құрылғыны пайдаланушыларды жарақат алудан
алдын ала сақтандыруға арналған.
Нұсқаулықты мұқият ұстаныңыз.
Осы құжатпен танысқаннан кейін, оны келешекте
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
ЕО талаптарына сәйкестік туралы
хабарлама
Өнім Еуропа Одағының Ережелерімен (EC) No
643/2009 қадағаланатын Волті Кем Құрылғылар
Нұсқауына (2006/95/EC), Үйлесімді Элетромагниттік
Құрылғылар нұсқауына (2004/108/EC) және Эко-
дизайн Нұсқауына (2009/125/EC) сәйкес жасақталған.
ОРНАТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАТАҢ
ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
Тоңазытқышты ылғалды немесе су тиетін
орынға орнатпаңыз.
- Электр бөліктерінің оқшаулануының зақымдануы
электр тогымен зақымдануға немесе өрт шығуға
әкеп соғады.
Тоңазытқышты күн сәулесі тікелей түсетін,
сондай-ақ пеш, бөлме жылытқышы немесе
басқа құрылғылардан жылу тарайтын жерлерге
орнатпаңыз.
Бірнеше құрылғыны бір желі сүзбесіне
қоспаңыз. Тоңазытқыш жұмыс кернеуі зауыттық
кестесінде көрсетілген кернеуге сәйкес келетін
жеке розеткаға қосылуы тиіс.
-
Бұл құрылғының тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді әрі үйдегі электр жүйесіне күш
түсіп, сымдардың қатты қызуынан өрт шығуға
себеп болатын жағдайлардың алдын алады.
Қуат алатын шнурдың айырын қабырғаға
бекітілмеген розеткаға тықпаңыз.
- Олай болмаған жағдайда өрт шығу немесе электр
тогымен зақымдану қаупі бар.
Қуат алатын шнурдың ұзына бойында немесе
оның шет-шеттерінде зақымданған іздер болса
пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қауіпсіздік туралы ақпарат
DA99-02116B(2.2).indb Sec2:2DA99-02116B(2.2).indb Sec2:2 2012.7.11 11:14:50 AM2012.7.11 11:14:50 AM
Скачать