Indesit KNJ 3G207 (W) Инструкция по эксплуатации онлайн [35/40] 31747

Indesit KNJ 3G207 (W) Инструкция по эксплуатации онлайн [35/40] 31747
! Жалын байқаусыз өшірілсе, оттықты өшіріңіз де, пешті
қайтадан жақпас бұрын кем дегенде 1 минут күтіңіз.
Температураны реттеу
Қажетті пісіру температурасын орнату үшін ПЕШТІ
басқару тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұрыңыз.
Температуралар басқару тақтасында көрсетіледі және «Ең
төмен» (140°C) мен «Ең жоғары» (250°C) арасында болуы
мүмкін. Орнатылған температураға жеткеннен кейін пеш
термостаттың көмегімен оны бір қалыпта ұстайды.
Төменгі бөлім
! Бөлімнің (бар болған жағдайда) ішкі беттері қызуы
мүмкін.
! Пеш астындағы бөлімге жанғыш заттарды
қоймаңыз.
Газ пеш модельдерінде
төменгі бөлімді оттық
шығарған қызудан қорғайтын
сырғытпалы «А» қорғау
қабаты бар (суретті
қараңыз).
Сырғытпалы қорғауды алып
тастау үшін «S» бұрандасын
шешіп алыңыз (суретті
қараңыз). Оны орнына қою
үшін «S» бұрандасының
көмегімен орнына бекітіңіз.
! Пешті пайдаланбас бұрын сырғытпалы қорғау
дұрыс бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
A
S
35
KZ

Содержание