Scarlett IS-565 Инструкция по эксплуатации онлайн [18/35] 33980

Scarlett IS-565 Инструкция по эксплуатации онлайн [18/35] 33980
16
KZ
ЖАБДЫҚ НҰСҚАУЫ
ДИСПЛЕЙДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕР
Жадыдағы жазбалардың барлығы
Заряд индикаторы
Уақыт индикаторы
ºC Цельсий шәкілі бойынша градустар
ºF Фаренгейт шәкілі бойынша градустар
Теріс салмақ көрсеткіші
oz Унция
kg Килограмм
g Грамм
mg Миллиграмм
lb Фунт
Салмақтың қазіргі мәні
kcal/KJ Калориялар
Salt Тұз
Ақуыз
Майлар
Көмірсулар
Chol Холестерин
Fibr Жасұнық
БАТАРЕЯЛАРДЫ ОРНАТУ / АУЫСТЫРУ
Таразының артқы жағында орналасқан батареяларға
арналған ұяның қақпағын алыңыз.
1,5 В ААА тұрпатты үш батареяны орнатыңыз.
ӨЛШЕУ
Таразыны іске қосу үшін түймешігін басыңыз.
Дисплейде «0» мәні пайда болады.
Өлшенетін азық-түлікті таразыға салыңыз.
Өлшегеннен кейін таразыны ажырату үшін түймешігін
басыңыз.
ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН ОРНАТУ
Өлшем бірлігін (грамм (g), килограмм (kg), унция (oz)
немесе фунт (lb)) таңдау үшін түймешігін басыңыз.
Сондай-ақ азық-түліктің салмағының мәнін түрлі өлшем
бірліктерінде көру үшін өлшенетін азық-түлікті тұғырға
салып, содан кейін түймешігін басуға болады.
«ZERO» ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функция бірнеше затты тұғырдан алмастан, бірінен
кейін бірін кезекпен өлшеуге арналған.
Алғашқы затты таразының тұғырына салыңыз. Келесі
затты қосардан бұрын «Zero» түймешігін басу керек.
СК-дисплейдегі салмақ нөл болады. Осы әрекетті бірнеше
рет қатарынан қайталауға болады.
АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ КОДЫН ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ЖОЮ
Азық-түлік тізімінен өлшенетін азық-түліктің кодын
таңдаңыз.
Азық-түліктің 3 саннан тұратын кодын сандық тақтаға
енгізіңіз. Код сол жақ үстіңгі бұрышта көрсетіледі.
Азық-түліктің кодын жою үшін «CLR/MC» түймешігін
басыңыз.
«ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ РЕЖИМІ
Тұғырға азық-түлікті салыңыз.
Азық-түліктің кодын енгізіңіз.
Азық-түліктің кДж мәніндегі нәрлілігін (калориялығын)
айқындау үшін «Kcal/kJ» түймешігін басу керек.

Содержание