Polaris PWK 1793CA Инструкция по эксплуатации онлайн [24/31] 316854

24
Бірінші рет қайнатып алған суды ішпеңіз, шәйнектің ішін тазарту үшін оның ішіне су
құйып, оны 2 немесе 3 рет су қайнатып алуға, содан кейін сол екі -үш мәрте қайнатып
алған суды төгіп тастауға кеңес беріледі
Сүзгіні орнату
Шәйнектің қақпағын ашыңыз да, шүмек жағында сүзгінің орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Сүзгінің дұрыс орнатылып, мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Егер сүзгіш орнатылмаған болса, оны шәйнектің шүмегіне құралдың мойын жағынан
өткізіп орнату қажет, ол үшін сүзгішті, оның төменгі шығыңқы жерін шәйнектің
шүмегіне қарама қарсы, дөнес жағымен орнатыңыз, содан кейін сүзгішті, оның жоғарғы
жағында орналасқан ілмегі шүмектің сәйкесінше саңылауына кіретіндей етіп, оны сол
немесе оң жаққа бұрап, саңылауда тігінен орналастырыңыз. Сүзгінің дұрыс орнатылып,
мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Шәйнектің қақпағын жабыңыз.
Сүзгі әрдайым шәйнектің шүмегінде бекітулі қалпында болуы қажет, Сізге бұл
жағдайды қадағалап отыру қажет.
6. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
1. Шәйнекке су толтыру
Шәйнекке су толтырмас бұрын, оны түпқоярдан алыңыз.
Ішуге жарамды салқын суды шәйнекке шүмек арқылы немесе шәйнектің аузы арқылы
құйыңыз, судың деңгейі max 1.7 L. белгісінен асыра және min 0,5 L. белгісінен төмен
болмауы қажет.
2. Шәйнекті қосу
Шәйнекті оның электрмен қоректендіру түпқоярына орнатыңыз.
Қоректендіру түпқоярының электр жалғауына және электр қосылысына судың тамып
кетпеуін әрдайым қадағалаңыз
Құралдың желілік баусымның ашасын розеткаға жалғастырып қосыңыз.
ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ (I/O) қуатты ауыстырып қосатын тетігінің клавишасын басу
арқылы шәйнекті іске қосыңыз. Құрылғыдағы индекаторлық шамы жанады.
Сонымен суды қайнату үдерісі басталады.
Назар аударыңыз!
Суы жоқ шәйнекті іске қосуға мүлдем болмайды.
Суы жоқ шәйнекті байқамай қосқан жағдайда, оның күйіп кетуден сақтандыру жүйесі
іске қосылады: жылыту үдерісі тоқтатылады да, құрылғыдағы индекаторлық шамы сөнеді,
сонымен бірге ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ қуатты ауыстырып қосатын тетігі (I) қосылу күйінде
болады. Бұл қуатты ауыстырып қосатын тетігін (O) сөндіру қалпына қолмен ауыстыру керек.
Шәйнекті желіге жалғастырмас бұрын, алдымен сіздің электр желідегі
қолданылатын кернеудің электрлік параметрлері бұйымдағы (шәйнектің және
тұпқоярдың түбі жағында орналасқан) арнайы техникалық кестесінде көрсетілген
электр параметрлеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.

Содержание

Скачать