Polaris PWK 1776CGL Инструкция по эксплуатации онлайн [27/34] 316870

Polaris PWK 1776CGL Инструкция по эксплуатации онлайн [27/34] 316870
27
Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз.
Қажетіне қарай тазартуды қайталаңыз.
Сіздің шәйнегіңізді тазарту үшін сіркесудың әлсіз ерітіндісін қолдануға болады.
Бұл үшін судың 2/3 бөлігін және 6% сіркесудың 1/3 бөлігін араластырыңыз.
Осы қоспаны қыздыратын элемент жабылатындай етіп, шәйнекке құйыңыз, 2 3 рет
қайнатыңыз да, қайнату кезеңдерінің аралығында 20 минуттық үзіліс жасап, қайнатуды
қайталаңыз.
Шәйнекті таза, салқын сумен екі-үш мәрте шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Қажетіне қарай тазартуды қайталаңыз.
Сондай-ақ, Сіз құралдағы тот баспайтын болаттан жасалған қыздырғыш элементі бар темір
шәйнектерді қақтан тазартуға арналған арнайы құралдарды пайдалана аласыз. Тазарту
құралдарының қаптамасындағы дайындаушының нұсқауларын басшылыққа ала отырып,
оның нұсқаулығы бойынша қарастырылған барлық ережелерін қолданыңыз.
Назар аударыңыздар!
Шәйнектің ішкі және сыртқы жағын тазарту үшін агрессивті және абразивті заттары бар
жуғыш құрылғыларды ешқашан пайдаланбаңыз.
Шәйнекті қақтан тазартуға арналған ұнтақтарды пайдалану барысында суды әркез ұнтақ
өндірушісінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз. Бұл қақтан тазартуға арналған арнайы
құралдарды сусыз пайдалануға болмайды.
Барлық әрекеттерді, яғни суды құю/төгу/ тазартып, шаю үдерістерін тек шәйнектің
тұпқоярындағы қуат беретін электрлі желілік баусымның штепсельдік айыртетігі электрлік
қоректену желіден ажыратылып тұрған болса ғана орындау қажет.
8. ҚҰРЫЛҒЫНЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Электрлі құрылғылар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, және
салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды, сондай-ақ, электрлі құралдар
материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі
таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
9. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Электрлі құрылғыларды тасымалданатын нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті
тасымалдау және жүк тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ететін жүкті тасымалдау ережелеріне
сәйкес жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды. Құрылғыны тасымалдау
барысында түпнұсқалық зауыттық орама мен қаптама қорабын пайдаланыңыз.
Құрылғыларды тасымалдау барысында оларды тікелей механикалық бүлінулерден, қызудан,
оған тіке күн сәулесінің, атмосфералық жауын-шашындардың түсуінен, ылғал мен агрессивті
жемірлі орталар әсер етуінен қорғау шарттары қамтамасыз етілуі керек, сондай-ақ,
құрылғылардың бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмау үшін жоғарыда аталған
әсерлердің кездейсоқ тигізу мүмкіндігін болдырмауы керек.
10. БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАУАР РЕТІНДЕ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бұл құрылғыны тауар ретінде өткізу жөніндегі ережелері белгіленген емес.

Содержание

Скачать