Polaris PVCR 1012U Инструкция по эксплуатации онлайн [31/46] 316941

31
шаңсорғыш) жөніндегі техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның құрылғысымен,
сонымен қатар құрылғыны сақтау мен пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Бұл құрылғы электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес
пайдаланылуы тиіс, яғни құрылғының пайдалануы «Тұтынушылардың электрлі
қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары» бойынша тұтынушылардың электр
қондырғыларын техникалық пайдалану тәртібін айқындайтын ережелерінің талаптарына сәйкес
жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл құрылғы тек қана үйде тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс.
Бұл құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті
түрде, толығымен мұқият оқып шығыңыз және анықтамалық материал ретінде қолдану үшін оны
сақтап қойыңыз.
Құрылғы осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша
пайдаланылуы тиіс.
Аталмыш құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі
мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құрылғымен
ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Назар аударыңыздар! Құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған
басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем
болмайды.
Әр жолы құрылғыны іске қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз.
Аккумуляторлық батареяны (АКБ-ны) зарядтау үшін шаңсорғыштың осы моделінің
жиынтықтылығына кіретін зарядтайтын құрылғысын (адаптерді) ғана пайдаланыңыз. Бұл
адаптерді өзге мақсатта қолданбаңыз.
Зарядтағыш құрылғы немесе адаптер және оның электрмен қоректендіру баусымы зақымдалған
жағдайда, адаптерді розеткаға қосуға тайым салынады. Адаптерді ауыстыру (жөндеу) қажет
болса, авторландырылған (өклетті) қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Құрылғының
зарядтағыш құрылғысын және адаптерді бөлшектемеңіз!
Зарядтағыш құрылғыны пайдаланбай аккумуляторлық батареяны зарядтау үшін алдымен
адаптердің істікшесін шаңсорғыш құрылғының корпусындағы бүйір жақ бөлігінде орналасқан
сәйкесінше электр тізбегін біріктіретін және ажырататын электр жалғағыш ұяшыққа
жалғастырып кіргізіңіз, содан кейін адаптердің ашасын розеткаға жалғастырыңыз.
Аккумуляторлық батареясын зарядталып болған соң, адаптерді желіге қосылу күйінде
қалдырмаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны пайдалану барысында АКБ-ны зарядтау қажеттілігі автоматты түрде
құрылғы арқылы анықталады, егер де зарядтағыш құрылғы пайдаланылмаса, аккумуляторлық
батареясының заряды толығымен таусылып бітпегенше оны зарядтамаңыз.
Адаптерді тек ауыспалы тоқ көзіне ғана (~) қосыңыз. Оны тоқ көзіне қоспас бұрын, электрлік
қоректену желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл адаптердің
техникалық сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.

Содержание

Похожие устройства