Zanussi ZDN 11001 XA Инструкция по эксплуатации онлайн [3/56] 324592

Zanussi ZDN 11001 XA Инструкция по эксплуатации онлайн [3/56] 324592
Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны
дереу розеткадан суырыңыз. Су құятын
түтікті ауыстыру үшін Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
Əрқашан
дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Құрылғының қорек
сымын ауыстыру қажет болса, оны
міндетті түрде қызмет көрсету орталығы
жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Пайдалану
Бұл құрылғы үйде жəне сол сияқты
төменде аталған жерлерде қолдануға
арналған:
Дүкендердің, кеңселердің жəне басқа
жұмыс орындарының қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерінде
Фермадағы үйлерде
Қонақ үйлерде, мотельдер мен басқа
да тұрғынды жерлерде
Төсек жəне таңғы аспен қамтамасыз
ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
қауіпі бар.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Өткір ұшты пышақтар мен ас
құралдарының ұштарын төмен қаратып
немесе көлденеңінен қойып ас
құралдарына арналған себетке
салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде
соғылып қалмас үшін қараусыз
қалдырмаңыз.
Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе
үстіне шықпаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш
заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе
ішуге болмайды.
Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша
құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда
жуғыш зат болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Электр, өрт
қатері пайда болуы немесе адам күйіп
қалуы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
жəне буды қолданбаңыз.
Бағдарлама орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы
мүмкін.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
3
www.zanussi.com

Содержание

Скачать