Scarlett IS-MC412S01 Инструкция по эксплуатации онлайн [48/56] 38412

Scarlett IS-MC412S01 Инструкция по эксплуатации онлайн [48/56] 38412
46
KZ
ЖАБДЫҚ НҰСҚАУЫ
Көп тағамдық қасқанды тек тамақ пісіру үшін ғана
пайдаланыңыз. Ешқашан оның ішінде киім, қағаз
немесе басқа заттарды кептірмеңіз.
Көп тағамдық қасқанның кәстрөлі бос болғанда
тоққа қоспаңыз.
Көп тағамдық қасқанды кәстрөлсіз
пайдаланбаңыз.
Азық-түлікті көп тағамдық қасқанның түбіне
тікелей қоймаңыз, ол үшін кәстрөлді қолданыңыз.
Кәстрөлдің орнына басқа ыдыс қолданбаңыз.
Кәстрөлге сызат түсіруі мүмкін металл заттарды
пайдаланбаңыз.
Кәстрөлдің беткі қабатына жалатылған жабын
біртіндеп үйкелуі мүмкін, сондықтан оны абайлап
пайдалану керек.
Тамақ дайындау рецептеріне сүйеніңіз.
Аспаптың қысқа тұйықталуына және бұзылуына
жол бермеу үшін желдеткіш саңылауларға су
ағуына жол бермеңіз.
Ұзартқыш сым қолданған жағдайда, кабельдің ең
үлкен шекті қуатының көп тағамдық қасқанның
қуатына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Ескерту! Жұмыс істеп тұрғанда аспап қатты
қызып кетеді! Көп тағамдық қасқан жұмыс
істеп тұрғанда, оны ұстау қажет болса, ас үйге
арналған қолғап киіңіз немесе ұстағышты
пайдаланыңыз.
Бетіңіз бен қолыңызды саңылаудан шығатын
будан сақтаңыз.
Бұйымның бу шығатын саңылауына немесе кез
келген басқа бөлшектеріне металл немесе басқа
заттарды сұқпаңыз.
Көп тағамдық қасқанның қақпағын сүлгімен
немесе басқа заттармен жаппаңыз.
Тамақты пісіріп болғаннан кейін, көп тағамдық
қасқанды келесі жолы іске қосардан бұрын оны
15 минут бойы суытыңыз.
Көп тағамдық қасқанда тамақ пісіру үшін ыстық
суды пайдалануға болмайды.
Егер бұйым біршама уақыт 0
0
C-тан төмен
температурада тұрса, іске қосар алдында оны
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында
ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс
өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның
құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
ОРНАТУ
Көп тағамдық қасқанның ішінде орауыш
материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін
тексеріңіз.
Тасымалдау кезінде төмендегілердің бүлінбегенін
тексеріңіз: қақпақ; корпус; қосымша керек-
жарақтар; алмалы кәстрөл. Кез келген
ақаулық анықталған жағдайда аспапты тоққа
қоспаңыз; сатушыға немесе сервис орталығына
хабарласыңыз. Аспапты құрғақ, біртегіс әрі
ыстыққа төзімді беткі қабатқа орнатыңыз.
Аспапты жанғыш материалдардың, жарылғыш
заттардың және өздігінен тұтанғыш газдардың
жанында орнатпаңыз. Аспапты газ немесе электр
пештерінің, сондай-ақ басқа жылу көздерінің
қасына қоймаңыз.
Аспапты қабырғаға немесе жиһазға тым жақын
жерде орналастырмаңыз.

Похожие устройства