Polaris PMH 2015 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/20] 348903

Polaris PMH 2015 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/20] 348903
16
(балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу
үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап
желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді ашадан
ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға
болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау
үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана ауыстыра
алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге
ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Жылытқышқа жалғанатын желінің кернеуі мен қуаттылығы жылытқыштың артқы
қақпақшасындағы техникалық кестешесінде (шилдикте) көрсетілген сипаттамаларға сәйкес
келуі керек.
Бөлме жылытқышы жұмыс жасап тұрған кезде оны ешнәрсемен жабуға мүлдем болмайды.
Өрт болдырмас үшін жылытқышты орнатар кезде есте сақтаңыз, бөлмедегі басқа заттар
жылытқыштың алдыңғы торынан кем дегенде 0,9 метр аралықта орналасуы керек, сонымен
қатар, құрылғының артқы және де екі жағынан аралығы кем дегенде 0,3м қашықтықта болуы
шарт.
Жылытқыштың алдыңғы торы жұмыс кезінде қатты қызады. Оны ұстамаңыз.
Құралды қолданбасаңыз немесе оны тазарту алдында штепсель ашасын розеткадан ажыратыңыз.
Бөлме жылытқышты, оның ашасын, желілі сымын суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем
болмайды.
Балалардың құралмен пайдалануға жол бермеңіз.
Құралды шүберектермен жабуға болмайды, себебі, өрттің пайда болуының қауіпі бар.
Құралды ашалы розеткаға тым жақын орнатуға тыйым салынады.
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз
Бұл құралды бағдарламалық құрылғымен, таймермен және жылытқышты автоматты түрде
қосатын басқа да құралдарды пайдалануға болмайды, себебі, егер бұл жылытқыш қандайда бір
затпен жабылған болса немесе дұрыс орналаспаған жағдайда өрт пайда болу қауіпі бар.
Жылытқышты душ, ванна бөлмесінде немесе жүзуге арналған бассейннің жақын аймағында
пайдалануға тыйым салынады.
Бөлме жылытқышқа қол не аяқ саусақтарыңызды тигізбеңіз немесе метал заттарды салмаңыз.
Желілі сымды тарту, байлап орауға, бұрауға болмайды немесе оған басқаша зақым келтірмеңіз.
Құралда арнайы желелі сым орнатылған және ол тек қана қызмет көрсету орталығының
мамандары арқылы ауыстырылады, себебі оны ауыстыруға арнайы құралдар қолданылады.
Электр құралдарының жөндеу жұмыстарын тек қана арнайы дайындалған электр маманы ғана
жасай алады. Жөндеу жұмыстары дұрыс атқарылмаса пайдаланушыға айтарлықтай қауіп
төндіреді.
Бөлме жылытқышының желілі сымы зақымдалса, құрылғы жұмыс барысында тоқтап қалса,
немесе оған сұйықтық тамса, сондай-ақ, басқа да ақаулық туындаса оны қолданбаңыз.
Ақаулықтар бар екеніне күмән туған жағдайда, бөлме жылытқышын қызмет көрсету орталығына
тексеруге, жөндеуге немесе оның функцияларын реттеу үшін жеткізіңіз.
Құрылғының қозғалтқышы фабрикада сатылымға дейін майланған және жылытқыштың қолдану
мерзімі аяқталғанша жарамды, оны қайта майлау қажет емес.
Құрал торындағы жапсырма жарнамалық мақсатта жабыстырылған, жылытқышты
пайдаланбастан бұрын оны міндетті түрде алыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать