Scarlett SC-TR310M02 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/16] 363402

Scarlett SC-TR310M02 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/16] 363402
IM020
www.scarlett.ru SC-TR310M02
8
KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің компанияға сенім
артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген техникалық талаптар орындалған
жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске пайдалану
нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі бұйым тұтынушыға
табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған жағдайда, бұйымның қызмет
мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші тұтынушылардың назарын
аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Пайдалану нұсқаулығын зейін қойып оқып шығыңыз да, анытамалық материал ретінде сақтап қойыңыз.
Осы Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, тек тұрмыстық мақсаттарда пайдалану керек. Құрылғы өнеркәсіптік
мақсатта қолдануға арналмаған.
Сыртта, үйден тыс пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тазалар алдында немесе егер оны пайдаланбасаңыз, тоқтан әрқашан ажыратып қойыңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе
аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл аспапты қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші, сервистік қызмет немесе соған
ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Қорек сымының өткір ұштар мен ыстық беткі қабаттарға тимеуін қадағалаңыз.
Бұйымның корпусындағы тесіктерге бөгде заттар мен кез келген сұйық заттардың түсуіне жол бермеңіз.
Бөлшектері бұзылған аспапты пайдалануға болмайды, өйткені бұл жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдалануға болмайды.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ешқайда салмаңыз, себебі бұл жарақатқа әкелуі немесе материалдық нұқсан келтіруі
мүмкін.
Аспапты суға салмаңыз және ағып тұрған суға жумаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге әрекет жасамаңыз. Істен сатушыға хабарласыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны тоққа қосар алдында бөлме
температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы
өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада XX.XXXX пішімінде
көрсетілген, мұндағы алғашқы екі «XX» саны жасап шығарылған айы, келесі төрт «XXXX» саны жасап
шығарылған жылы.
АККУМУЛЯТОРДЫ ЗАРЯДТАУ
Алғаш рет пайдаланар алдында аспаптың ішіндегі аккумуляторды толық зарядтап алу қажет. Толық зарядтау
уақыты 2 сағатты құрайды.
Қуат сымының керекті ұшын аспаптың корпусындағы қуат ағытпасына сұғыңыз да, екінші ұшын розеткаға сұғыңыз.
Зарядтағаннан кейін аспап қуат сымынсыз 1 сағат бойы жұмыс істейді, аспапты қуат сымын ағытпастан пайдалануға
болады.
ЖҰМЫСЫ
Аспап бет пен дененің түрлі жерлеріндегі шашты қырып тастауға арналған.
Аспапты қосып-өшіру үшін іске қосу түймесін басыңыз.
Аспапты терінің үстіне орналастырыңыз да, жүзінің үстінен басып, аспапты керекті бағытта жүргізіңіз. Жүзінің
түгелдей терінің үстінде жатуын қадағалаңыз, теріні жарақаттап алмас үшін жүзді қиғаштап орналастыруға
болмайды.
Жүзді шаштың өсетін бағытына қарсы жүргізбеңіз.
Аспапты тек таза теріге ғана қолданыңыз, гель немесе балшық сияқты заттарды пайдаланбаңыз.
САҚАЛҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
Аталған қондырма сақал қыру үшін өте қолайлы.
Қондырманың қалай орналасқанына қарай қиылатын шаштың ұзындығын (0,5 - 10 мм) таңдауға болады.
Қондырманы аспапқа орнату үшін оны суретте көрсетілгендей етіп корпусқа орналастырыңыз да, сырт еткенше
басыңыз.
Көрсеткіштің тұсындағы керекті қырқу деңгейін орнатыңыз.
Жұмыс барысында қондырманың терінің беткі қабатына толық тиіп тұруын қадағалаңыз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін іске қосу/өшіру түймесін басу арқылы аспапты өшіріңіз.
Скачать