Galaxy GL2623 Инструкция по эксплуатации онлайн [18/22] 364496

Galaxy GL2623 Инструкция по эксплуатации онлайн [18/22] 364496
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
уақытын әдепкі қалпы бойынша қалдырыңыз;
«УАҚЫТ/ТЕМПЕРАТУРА» (29) батырмасына басыңыз. Дайындау уақыты дисплей-
де (3) жылтылдайтын болады. Сіз қалаулы дайындау уақытын «+» және «-» (30)
батырмаларын басумен орната немесе дайындау уақытын әдепкі қалпы бойынша
қалдыра аласыз;
Бағдарламаның жұмысын бастау үшін «БАСТАУ/ДОҒАРУ» (34) батырмасын басыңыз;
Ескерту
1 Бағдарламаның жұмысын оның аяқталуына дейін тоқтату үшін «БАСТАУ/ДОҒАРУ»
(34) басыңыз.
2 Іштей жарықтандыру шамдары бағдарлама жұмысының басталуынан 10 минут-
тан кейін сөнеді және бағдарлама жұмысының аяқталуына 10 минут қалғанда іске
қосылады.
3 «БАСТАУ/ДОҒАРУ» (34) басқа барлық батырмалар бұғатталатын болады және дай-
ындау уақыты аяқталғаннан немесе оның мәжбүрлі тоқтауынан кейін бұғаттан
шығарылатын болады.
4. Сіз бағдарламаның жұмысы кезінде температураны, жұмыс уақытын және конвек-
циялауды теңшей аласыз. Аталған параметрлерді қайта теңшеу үшін бағдарламаны
«БАСТАУ/ДОҒАРУ» (34) батырмасының көмегімен сөндіру және қайта теңшеуді
қайтадан орындау қажет;
Дайындау уақыты аяқталғаннан кейін дыбыстық сигнал естіледі және бағдарлама
сөнеді;
Ескерту - Егер батырмаларды бір минуттың ішінде баспаса, шағын пеш күту режиміне
өтеді. Бұл жағдайда тек «БАСТАУ/ДОҒАРУ» (34) батырмасының индикациясы ғана
іске қосылатын болады.
Қуат беру баусымының (9) ашасын желіден ажыратыңыз;
Тұмпапештен дайындалған тағамды шығарыңыз.
7.4 «ЖОҒАРҒЫ ҚЫЗДЫРУ», «ТӨМЕНГІ ҚЫЗДЫРУ» және «ҚЫЗДЫРУ»
бағдарламаларын қолдану
Құралды тегіс, құрғақ және орнықты бетке орнатыңыз және қуат беру баусымының
(9) ашасын желіге қосыңыз. Дыбыстық сигнал естіледі, сандық дисплей сөндірілетін
болады, тек «ТАЙМЕР» (33), «ТАҢДАУ» (31), «БАСТАУ/ДОҒАРУ» (34) және
«ИНТЕЛЛЕКТІЛІ ДАЙЫНДАУ» (28) батырмаларының индикациялары ғана жұмыс
істейтін болады;
Ескерту Егер батырмаларға бір минуттың ішінде баспаса, шағын пеш күту режиміне
өтетін болады. Бұл жағдайда тек «БАСТАУ/ДОҒАРУ» (34) батырмасының индикация-
сы ғана іске қосылатын болады.
Оның тұтқасын (5) ұстаумен тұмпапештің есікшесін (1) ашыңыз;
Тұмпапештің деңгейлерінің біріне (6,7 немесе 8) торды (12) немесе қаңылтыр таба-
ны (13) орнатыңыз. Егер Сіз торды (12) қолдансаңыз, қаңылтыр табаны (13) тордан
(12) ағушы сұйықтықты жинауға үшін төменгі деңгейге (8) орнатыңыз;
Ескерту Тұмпапешке торды (12) немесе қаңылтыр табаны (13) орналастыру немесе
шығару үшін ұстағышты (11) және тұтқышты қолданыңыз.
Өнімдерді торға (12) немесе қаңылтыр табаға (13) орналастырыңыз;
Оның тұтқасынан (5) ұстаумен тұмпапештің есікшесін (1) жабыңыз; «ТАҢДАУ» (31)
батырмасын басумен «ЖОҒАРҒЫ ҚЫЗДЫРУ», «ТӨМЕНГІ ҚЫЗДЫРУ» және «ҚЫЗДЫРУ»
режимін таңдаңыз; Дайындау уақыты дисплейде жылтылдайтын болады. Сіз қалаулы
дайындау уақытын «+» және «-» (30) батырмаларын басумен орната аласыз немесе
дайындау уақытын әдепкі қалпы бойынша қалдырыңыз;
«УАҚЫТ/ТЕМПЕРАТУРА» (29) батырмасына басыңыз. Дайындау уақыты дисплейде
жылтылдайтын болады. Сіз қалаулы дайындау уақытын «+» және «-» (30) батыр-
маларын басумен орната аласыз немесе дайындау уақытын әдепкі қалпы бойынша
қалдырыңыз;
Сіз сөндірілген әдепкі қалпы бойынша конвекцияны іске қоса аласыз. Ол үшін «КОН-
ВЕКЦИЯЛАУ» (32) батырмасын басыңыз дисплейде (3) конвекциялау индикаторы
(15) жанады:
Бағдарламаның жұмысын бастау үшін «БАСТАУ/ДОҒАРУ» (34) батырмасын басыңыз.
Дисплей (3) дайындау уақытының аяқталуына дейінгі қалған уақытты және қызу тем-
пературасын көрсетеді. Таңдалған бағдарламалардың және қыздырғыш элементтің
индикаторлары жанатын болады;
Ескерту

Содержание