Hottek HT-975-010 Инструкция по эксплуатации онлайн [25/32] 367298

Hottek HT-975-010 Инструкция по эксплуатации онлайн [25/32] 367298
KAZ
25
Аспаптың бөлшектеріне шолу
1. Салмалы саптама - блендер
2. Қозғалтқыш блок
3. Аспаптың қосу түймешігі (2 жылдамдығы)
4. Майдалағыш қақпақ-редуктор
5. Салмалы пышақ - майдалағыш
6. Майдалауға арналған ыдыс (500 мл)
7. Араластырғыш редуктор
8. Сұйық өнімдерді шайқауға/араластыруға арналған
араластырғыш
9. Өлшеуіш тостаған қақпақмен (600 мл)
Алғаш рет пайдаланар алдында
Аспапты қаптамадан шығарып, оның барлық құрамдас
бірліктерінің зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Аспапты пайдаланар алдында, барлық қаптама
материалдарын шығарып, саптама – блендерді (1),
пышақ майдалағышты (5), араластырғышты (8),
майдалауға арналған ыдысты (6) және өлшеуіш
стақанды (9) бейтарап жуу құралы қосылған жылы
сумен жуып, шайып, кептіріңіз.
Қозғалтқыш блок (2), қақпақ-редуктор (4) және
араластырғыш редукторды (7) жұмсақ, аздап ылғалды
матамен сүртіңіз.
Назар аударыңыз!
Зақымдалуларды болдырмау үшін, саптамалар мен
ыдыстарды ыдыс-аяқ жуатын машинаға салмаңыз.
Скачать