Polaris PEA 0833A Инструкция по эксплуатации онлайн [19/34] 375500

Polaris PEA 0833A Инструкция по эксплуатации онлайн [19/34] 375500
19
Ескертпе! Кейбір өнімдер, мысалы, сәбіз немесе қызылша, шырынсыққыштың алынбалы
бөлшектерін бояп тастауы мүмкін, бояғыштың іздерін кетіру үшін өсімдік майына малынған
құрғақ матаны пайдалануға болады, бөлшектерді тазалағаннан кейін, оларды жылы судың
астында, ыдыс жууға арналған бейтарап құралдарды пайдалана отырып, жуып жіберіңіз де,
содан кейін оларды құрғақ матамен сүртіп, бөлме температурасында кептіріңіз.
8. ҚҰРАЛДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТТАР
Сақтау жөніндегі шарт
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтындай, салыстырмалы
ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар материалдарына теріс
әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда
сақталуы тиіс.
Тасымалдау жөніндегі шарт
Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне
сәйкес жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды. Құралды тасымалдау
барысында түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен,
агрессивті ортадан сақтау қажет.
Өрттің пайда болуын алдын-алу, электр тогымен зақымданбау, құралды пайдалану
барысында жарақаттан сақтанып, оны бүлдіріп алмас үшін, құралды қолдану
барысында қауіпсіздік сақтау жөніндегі ережелерінің негізгі талаптары мен
шараларын, сондай-ақ электр құрылғыларымен жұмыс атқару барысында
қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқауларды қатаң түрде қадағалап тұрыңыз және осы
нұсқалықта берілген барлық қауіпсіздік сақтау жөніндегі ережелерінің талаптары
сақталуға тиіс.
9. ЭЛЕКТРЛІ ШЫРЫНСЫҚҚЫШПЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Шырынсыққышты тек қана тегіс, таза және құрғақ қабатқа орналастырып, пайдалануға
қажет, яғни шырынсыққыш оның жұмыс істейтін аймақтары мен орналастырылған орны
шырын не су төгіліп қалған кір шалшықтан, сондай-ақ, күнжараның жұмсақ
қалдықтарынан ұқыпты тазартылған орында пайдалануы тиіс.
Шырынсыққышты үстелдің үстіне төселетін асжаулықтың үстіне, төселген майлық, сулық
және сүлгінің үстіне орнатуға тыйым салынады. Жұмыс барысында құрал мен оны
орнатқан қабаттың арасында көзге көрінетін саңылау болу қажет, бұл саңылау
қозғалтқыштың аймағындағы ауа алмастыруы дұрыс болғанына қажет.
Шырынсыққышты іске қосар алдында бөлшектердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Құралдың бөлшектерін дұрыс құрастырмау салдарынан пайда болған ақаулықты
жою кепілдікті қызмет көрсету міндетемесіне кірмейді.
Сүзгіні шырынсыққышқа орнатқанда, оны алу барысында немесе оны тазартқанда абай
болыңыз, себебі, сүзгінің кесетін бет жүздері өте өткір.
Сүзгіні орнатқанда оның шырын жинауға арналған жұмыстық сыйымдылықтың негізіне
дұрыс бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Пайдалану барысында шырынсыққышты тасымалдауға тиым салынады.
Құрастырып жиналған шырынсыққышты, оның сүзгі-үккіштен ұстап, жылжытуға немесе
тасымалдауға тиым салынады.
Құралды тек оның бекіткіштері жабық болса ғана пайдаланыңыз.

Похожие устройства

Скачать