Polaris PTB 0511G Инструкция по эксплуатации онлайн [16/30] 375848

Polaris PTB 0511G Инструкция по эксплуатации онлайн [16/30] 375848
16
Құралдың барлық бөліктерін ыдыс жуғыш машинасында жууға тыйым салынады. Оның
пластмасс бөліктеріне зақым келуі мүмкін.
Құралдың корпусын, жинаққа кіретін алынбалы құмыра мен қақпақты жуу үішін
абразивті құралдар мен органикалық ерітінділерді пайдалануға ТЫЙЫМ салынады.
Блендердің бөліктерінде тағам қалдықтарының кебуіне жол бермеңіз.
Құралды кеуіп қалған өнімдерден тазарту үшін абразивті емес пластик қылшақты
пайдалануға болады.
Блендердің қорпусын тазалау:
Құралдың корпусын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Құралды суға салмаңыз және ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
Блендердің құмырасын тазалау
Назар аударыңыз! Тазарту үшін құмыраны толықтай суға батыруға тыйым салынады.
Сағат тілімен қарсы бағытта бұрау арқылы жүздері бар құралдың алынбалы түбін
шешіңіз.
Блендер құмырасының ішкі бөлігін жылы сабынды суда жуыңыз да, шайыңыз.
Құмыраның сыртқы бөлігін жұмсақ матамен сүртуге кеңес беріледі.
Жүздері бар құралдың алынбалы түбін бөлек жуыңыз.
Назар аударыңыз! Жүздері бар құралдың алынбалы түбінің төменгі бөлігін ағын судың
астында жууға немесе толықтай суға батыруға тыйым салынады.
Құмыра қақпағын тазалау.
Құмыраның қақпағы мен өлшеуіш стақан-бітеуішті жылы сабынды суда жуыңыз да,
шайыңыз.
Құралдың барлық бөліктерін құрғақ матамен сүртіңіз немесе толықтай кебуін күтіңіз.
Құралды жинаңыз, күн сәулесі мен қыздыру құралдарынан қашықтықта құрғақ жерге
қойып қойыңыз.
6. САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ
Құралдарды тасымалданатын көлік түрінде әрекет ететін, механикаландырылған жүк тиеу-
түсіру жұмыстарын қамтамасыз ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік
құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды.
Құралдарды тасымалдау барысында бүлінуден сақтау әрекеті қамтамасыз етілуі тиіс – бұйым
сапасы мен тұтынушы құралының сыртқы түрін сақтау.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен,
агрессивті ортадан сақтау қажет.
Құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем емес,
салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар
материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ
әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.

Похожие устройства