Polaris PTB 0511G Инструкция по эксплуатации онлайн [18/30] 375848

18
Ақаулы құралды пайдалануға тыйым салынады.
Блендерді көлемі 1,50 л аса сұйықтықпен толтырмаңыз.
Температурасы 60°С-тан жоғары ыстық өнімдерді өңдеуге болмайды.
Бұл құрал созылмалы үздіксіз жұмыс үшін арналмаған, құралдың қызып кетпеуі үшін
3 минут үздіксіз жұмыстан соң 10 минут уақытқа үзіліс жасаңыз, мотордың сууына
мүмкіндік беріңіз. Құралды 3 мәрте қосқаннан кейін оны 15-20 минутқа қалдырыңыз,
сууын күтіңіз
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды құмыраға сұйықтықты құймай пайдалануға
болмайды!
10. ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ
БАРЫСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құралды пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ
уақыт бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе адамдардың
денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Құрал осы нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның
ақаулығы анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал жерге, еденге құлаған жағдайда немесе қандай да бір ақау түрі байқалса, құралды
пайдаланбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын оны білікті маманға көрсетіңіз.
Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке
алмағанда, білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық,
физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына
арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап
отырыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Құралды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Назар аударыңыз!
Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа
ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды. Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны
бірден желіден ажыратыңыз. Сонымен бұл кезде қолды суға малуға болмайды.
Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан, тікелей күн
сәулесінен, сүйір бұрыштарға соғылудан, ылғалданудан сақтаңыз (ешқашан құралды
суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз). Құралды дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз.
Құрал суланған жағдайда оны бірден желіден ажыратыңыз.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құралды желіге қоспас бұрын,
желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл құралдың техникалық
сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Құралмен пайдаланып болғаннан кейін, сонымен қатар, құралды тазарту алдында және
оның қондырмаларын алмас немесе орнатпас бұрын, сондай-ақ, құрал сынып, істен
шыққан жағдайда, оны әрдайым желіден ажырату қажет.

Похожие устройства