Polaris PWK 1752C Зеленый Инструкция по эксплуатации онлайн [34/39] 376058

34
Сүзгіні тазарту
Назар аударыңыз! Сүзгіні алу немесе орнату кезінде шәйнек сөнген және желіден
ажыратылған болуы тиіс. Шәйнектегі суды төгіңіз және шәйнек суығанша күте тұрыңыз.
Шәйнектің қақпағын ашыңыз.
Сүзгі шәйнектің алдыңғы бөлігінде, шүмек жағында орналасқан.
Сүзгіні тазарту үшін, оны жоғарғы жағынан ақырын басып, шәйнектің шүмегінен
шығарыңыз (алынбалы сүзгісі бар модельдері үшін).
Сүзгіні ағып тұрған судың астына қойып, жұмсақ қылшақтың (жиынтыққа кірмейді)
көмегімен абайлап тазартыңыз.
Сүзгіні шәйнекке орнатқанда қолыңыз жақсылап жуылған болуы тиіс. Қолдың терісінде
сабын, крем және т. б. болмауы тиіс, себебі бұл суға жағымсыз дәм беруі мүмкін.
Тазартылған сүзгіні шәйек шүмегінің ішіндегі науашықтарға орнатыңыз.
Назар аударыңыз! Сындырып алмас үшін сүзгінің торларына баспаңыз.
Ескертпе: Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге лақтырмай, жоятын ресми пунктке өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны
сақтауға көмектесесіз.
8. Сақтау және тасымалдау жөніндегі шарт
Құралдарды тасымалданатын көлік түрінде әрекет ететін, механикаландырылған жүк тиеу-
түсіру жұмыстарын қамтамасыз ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік
құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды.
Құралдарды тасымалдау барысында бүлінуден сақтау әрекеті қамтамасыз етілуі тиіс – бұйым
сапасы мен тұтынушы құралының сыртқы түрін сақтау.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен,
агрессивті ортадан сақтау қажет.

Содержание

Похожие устройства

Скачать