Polaris PWK 2077CL Maroon Инструкция по эксплуатации онлайн [24/32] 377157

Polaris PWK 2077CL Green Инструкция по эксплуатации онлайн [24/32] 377160
24
Бірінші рет қайнатып алған суды ішпеңіз, шәйнектің ішін тазарту үшін оның ішіне су
құйып, оны 2 немесе 3 рет су қайнатып алуға, содан кейін сол екі -үш мәрте қайнатып
алған суды төгіп тастауға кеңес беріледі.
Сүзгіні орнату
Шәйнектің қақпағын ашыңыз да, шүмек жағында сүзгінің орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Сүзгінің дұрыс орнатылып, мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Егер сүзгіш орнатылмаған болса, оны шәйнектің шүмегіне құралдың мойын жағынан
өткізіп орнатыңыз, ол үшін сүзгішті шәйнектің шүмегіне қарама қарсы, құралдың сыртқы
бөлігінің жоғарғы жиегінің астына төменгі бөлігімен орнатыңыз, содан кейін оның
жоғарғы бөлігін орнатылатын орынға мықтап, сырт еткен дыбыс естілмейінше бекіту
үшін сүзгіні шүмектің бағына қарай басыңыз.
Құралдың қақпағын жабыңыз.
Сүзгі әрдайым бекітулі қалпында болуы қажет әрі шүмекке қарама-қарсы орнатылуы
тиіс. Сізге бұл жағдайды қадағалап отыру қажет.
6. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
1. Шәйнекті суық сумен толтырыңыз.
Шәйнекке су толтырмас бұрын, оны түпқоярдан алыңыз.
Ішуге жарамды салқын суды шәйнекке шүмек арқылы немесе шәйнектің аузы арқылы
құйыңыз, судың деңгейі max белгісінен асыра және min белгісінен төмен болмауы қажет.
2. Шәйнекті іске қосу.
Қуатты ажыратып қосатын ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ ауыстырғыш-қосқыш тетігінің
пернесін (клавишасын) басу арқылы шәйнекті іске қосыңыз. Осы сәтте құрылғының
сыртқы корпусында орналасқан ауыстырғыш-қосқыш тетігіндегі индекаторлық шамы
жанады.
Сонымен суды қайнату үдерісі басталады.
Назар аударыңыздар!
Суы жоқ шәйнекті іске қосуға мүлдем болмайды. Суы жоқ шәйнекті кездейсоқ түрде
байқамай қосқан жағдайда, оның күйіп кетуден сақтандыру жүйесі іске қосылады да,
Шәйнектің тұпқоярындағы қуат беретін электрлі желілік баусымның
штепсельдік айыртетігін электрлік қоректену желісіне жалғастырмас бұрын,
алдымен сіздің электр желідегі қолданылатын кернеудің электрлік
параметрлері бұйымдағы әйнектің және тұпқоярдың түбі жағында
орналасқан) арнайы техникалық кестесінде көрсетілген электр
параметрлеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Шәйнекті оның электрмен қоректендіру түпқоярына орнатып қойыңыз.
Шәйнектің қоректендіру түпқоярына, оның электр жалғауына және электр
қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
Шәйнектің тұпқоярындағы қуат беретін электрлі желілік баусымның штепсельдік
айыртетігін ашалы розеткаға жалғастырып қосыңыз.
1

Содержание

Похожие устройства

Скачать